Осы редакция 2018 жылғы 27 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Әділет министрінің2016.29.02. № 100 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 301 бұйрығына 1-қосымша
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығымен бекітілген «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандарты (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11384 тіркелген) негізінде (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) және аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) Министрліктің кеңсесі; 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация); 3) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады. Электрондық түрде тіркеген жағдайда заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу порталы арқылы автоматты түрде «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан түскен хабарламаның негізінде жүзеге асырылады. Портал арқылы өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу көрсетіледі. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық және (немесе) қағаз жүзінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|