Тұтынушылар құқын қорғау туралы заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы (2011.30.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Жоғарғы сотының 18.06.04 ж. № 9 нормативтік қаулысымен тақырыбы мен кіріспе өзгертілді Тұтынушылар құқын қорғау туралы заңдарды қолдану тәжірибесінде соттарда туындаған мәселелерді түсіндірудің қажеттілігін атай отырып, тұтынушылар құқын тиімді сот қорғауымен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді: ҚР Жоғарғы сотының 18.06.04 ж. № 9 нормативтік қаулысымен 1-тармақ өзгертілді; ҚР Жоғарғы Сотының 2011.30.12. № 5 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін, сондай-ақ тұтынушыларды қауіпсіз және сапалы тауарлармен (жұмыспен, көрсетілетін қызметпен) қамтамасыз ету жөніндегі шараларды анықтайды және тұтынушылар - жеке тұлғалар, яғни жеке тұрмыстық қажеттіліктері үшін тауарларды сатып алатын және пайдаланатын, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге тапсырыс беретін не осындай ниеті бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 12-бабы (бұдан әрі - АК) және тауарларды сатушылардың не оларды өндірушілердің, сондай-ақ меншік түрі мен заңды тұлғаның құрылу нысанына қарамастан қызметтер мен жұмыстарды атқарушылардың, соның ішінде жеке кәсіпкерлердің арасындағы қатынасты реттейді (АК-нің 19-бабы) және ол күшіне енгеннен кейін туындайтын немесе жасалатын құқықтық қатынастарға қолданылады (АК-нің 4, 383-баптары). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|