ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.30.01. № 53 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 558 бұйрығына 3-қосымша
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 433 бұйрығымен күші жойылды
«Бербоут-чартер тізілімінде теңіз кемелерін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Бербоут-чартер тізілімінде теңіз кемелерін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Порттың теңіз әкімшілігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.elіcense.kz, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) бербоут-чартер шарттарында жалға алынған шетелдік теңіз кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлікті (бұдан әрі - куәлік) беру - 10 (он) жұмыс күн; 2) кемені бербоут-чартер тізілімінде тіркеу мерзімін ұзарту - 10 (он) жұмыс күн; 3) кемені бербоут-чартер тізілімінен шығару - 2 (екі) жұмыс күн. Көрсетілетін қызметті алушының құжаттардың толықтығы алынғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде тексеріледі. Ұсынылған құжаттардың толық еместігін және (немесе) қолданылу мерзімінің өтіп кеткенін анықтау жағдайында көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінімді бұдан әрі қараудан бас тарту туралы жазбаша уәжделген жауапты береді. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|