Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына 9-қосымша
Осы редакция 2021 жылғы 26 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.16.10. № 721 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы облысының Полиция департаменті туралы ереже (2020.17.01. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.16.10. № 721 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2019.24.09. № 823 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Алматы облысының Полиция департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) облыс аумағындағы полиция органдары мен бөліністеріне басшылық етуді жүзеге асыратын аумақтық бөлінісі болып табылады. 2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Департамент егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент бастығының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 7. Департамент құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. ҚР Ішкі істер министрінің 2019.24.09. № 823 бұйрығымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|