|
|
|
"Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамы мемлекеттік
ҚР Үкіметінің 2008.23.04. № 381 Қаулысымен күші жойылды
"Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамының тұрақты жұмыс iстеуiн және болашақта дамуын, сондай-ақ инвестицияларды тартуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi бiр апта мерзiмде "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамы мемлекеттік акциялар пакетiнiң бiр бөлiгiн оның акциялары жалпы пакетiнiң 60 (алпыс) процентi мөлшерiнде "Ривер Интернэшнл С.А." басқарушы фирмасына (Швейцария) сату үшiн белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетiне берсiн. 2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетi "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамының мемлекеттік акциялар пакетiнiң бiр бөлiгiн оның акциялары жалпы пакетiнiң 60 (алпыс) процентi мөлшерiнде "Ривер Интернэшнл С.А." басқарушы фирмасына (Швейцария) белгiленген заңмен тiкелей атаулы сатуды жүзеге асырсын. 3. "Ривер Интернэшнл С.А." фирмасы игерiлiп бiткен кен орындарын (объектiлердi) рекультивация жүргiзу және жоюға байланысты "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамының оның басқарылуына берiлген сәттен бастап туындаған көлемдегi табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге жауапкершiлiкте болады деп белгiленсiн. 4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігі, Экология және биоресурстар министрлігі екi ай мерзiмде қоршаған ортаны ластағаны үшiн төленетiн мiндеттi төлемдер мөлшерiн, сондай-ақ "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлік басқаруына бергенге дейiн туындаған, игелiрiлiп бiткен кен орындарын (объектiлердi) рекультивация жүргiзу және жою жөніндегі жұмыстардың көлемi мен шығындарды анықтасын. 5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi: "Ривер Интернэшнл С.А." фирмасына "Түркiстан Тау Темір жолы" акционерлік қоғамы мемлекеттік акциялар пакетiне оның жарғылық қорының 39 процентi мөлшерiнде иелiк ету, пайдалану және басқару құқығын берсiн; "Ривер Интернэшнл С.А." фирмасымен "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлік қоғамын басқару құқығына бұған дейiн жасалған контрактiге тиiстi өзгертулер енгiзiлсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |