|
|
|
Жезқазған облысының Приозерск қаласына мемлекеттік қолдау көрсету (2008.23.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Шағын және орташа қалаларды қолдау бағдарламасын жүзеге асыру шеңберiнде, сондай-ақ 1996-1997 жылдардың күзгi-қысқы кезеңiне дайындық жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Жезқазған облысының әкіміне Қазақстан Республикасы Үкіметінiң төтенше жағдайларда қаржыландыруға арналған резервтiк қорынан Приозерск қаласын қысқа дайындау үшiн қосымша 150 (жүз елу) млн. теңге бөлiнсiн. 2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1996 жылғы 10 маусымдағы № 271 өкімі; Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1996 жылғы 13 тамыздағы № 383 өкімі. 3.ҚР Үкіметінің 2008.23.04. № 381 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң жанындағы Қаржы - бақылау комитетi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдалануына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |