|
|
|
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 25 қаңтардағы № 90 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 529 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: "Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО) жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметтi үйлестiру жөніндегі ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 25 қаңтардағы № 90 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: аталған қаулымен бекітілген Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО) жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметтi үйлестiру жөніндегі Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңестiң құрамына мыналар енгiзiлсiн: Қосынов А.О. - Қазақстан Республикасының Ғылым министрi - Ғылым академиясы президентінің орынбасары, төраға Ахметов Т.З. - Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі- Ғылым академиясы халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық басқармасының бастығы, төрағаның орынбасары Бәкiрова С.Б. - Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі- Ғылым академиясы халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық басқармасының бөлiм бастығы, ғылыми хатшы Әбiшев Ж.Н. - Минералды шикiзатты кешендi ұқсату жөніндегі ұлттық ғылыми орталықтың бас директоры Ахметов С.А. - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Ақпаратты қорғау жөніндегі мемлекеттік техникалық комиссия төрағасының орынбасары Гамарник Г.Н. - Қазақстан Республикасы Бiлiм министрiнiң бiрiншi орынбасары Демин А.Б. - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі халықаралық құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы Елеукенов Д.Ш. - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң халықаралық қауiпсiздiк және қару-жараққа бақылау жасау басқармасының бастығы Жантемiров М.К. - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi бас басқармасы бастығының бiрiншi орынбасары (келісім бойынша) Жантикин Т.М. - Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттiгiнiң бас директоры Қарабаев М.К. - Қазақстан Республикасы Биотехнология жөніндегі ұлттық орталығы бас директорының орынбасары Қаудыров Т.Е. - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлігі патент ведомствосының төрағасы Құлжанов М.К. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң орынбасары Сафрыгин М.М. - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң әскери-техникалық саясат жөніндегі кеңесшiсi Д.К.Дәукеев, В.Е.Жүсiпбеков, Ж.Н.Қадыров, Ж.Ж.Жақыпбеков, Б.К.Нұрғалиев, В.Н.Околович, Ю.А.Шаповалов аталған құрамнан шығарылсын. Аталған қаулымен бекітілген Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО) жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметтi үйлестiру жөніндегі ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес туралы ережедегi: 5-тармақтың 5.1.-тармақшасының үшiншi абзацындағы және 8-тармақтың үшiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы" деген сөздермен ауыстырылсын. 7-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ғылым министрi - Ғылым академиясының президентi" деген сөздермен ауыстырылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |