|
|
|
Кейбiр санаттағы зейнеткерлердiң әлеуметтiк қорғалуын жақсарту ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға зор жеке үлес қосқан кейбір санаттағы зейнеткерлердiң (тiзбе қоса берiлiп отыр) әлеуметтiк қорғалуын жақсарту және оларды материалдық жағынан қолдау мақсатында: 1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы емдеу-сауықтыру бiрлестiгi осы құрамдағы зейнеткерлердi зейнеткерлiкке шыққанға дейiн өздерi емделген емдеу-алдын алу мекемелерiнiң тиiстi бөлiмшелерi мен үшiншi терапевтiк бөлiмшесiне тiркесiн. 2. Облыстардың, Алматы, Ленинск қалаларының әкiмдерiне, Қазақстан Республикасы Президент Аппараты мен Министрлер Кабинетінің Шаруашылық Басқармасына: алынатын зейнетақы мөлшерiнде жыл сайынғы бiр жолғы жәрдемақы және жерлеуге сол мөлшерде жәрдемақы төлеу түрiнде материалдық қолдау көрсету үшiн жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қажеттi қаражат iздеп табу; зейнеткерлердiң айына 20 сағатқа дейiн автомобильдер шақыртуына рұқсат беру; азық-түлiк (көкөнiс) ассортиментi және қызмет көрсету мәдениетi бойынша тапсырыс-столдары арқылы азық-түлiкпен қамтамасыз етуде тиiстi жағдайлар жасау; зейнеткерлерге үнемi қамқорлық жасап, олардың әлеуетiн және республиканы мемлекеттік-шаруашылық жағынан басқару тәжiрибесiн пайдалану, оларды салтанаттарға, мерейтойлар мен басқа да мерекелiк шараларға шақыру ұсынылсын. 3. Аталған шаралардың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне жүктелсiн. Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |