|
|
|
Атырау облысының Кенбай кен орнында «Бидерманн Интернэшнл» (АҚШ)
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 4 мамырдағы № 406 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлігі мен Атырау облысы әкімінiң Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерiмен және ведомстволарымен келісілген Атырау облысының Кенбай кен орнында " Бидерманн Интернэшнл" (АҚШ) компаниясымен өнiм бөлiсу шартымен (Продакшн Шеринг) мұнай барлау, игеру және өндiру жөніндегі Келісімдi бұзу туралы ұсынысы мақұлдансын. 2. Атырау облысының әкіміне, "Мұнайгаз" Мемлекеттік холдинг компаниясына және "Ембiмұнай" өндiрiстiк бiрлестiгiне Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігімен, Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлігімен және Экономика министрлігі жанындағы Ұлттық агенттiкпен бiрлесе отырып, Келісімдi бұзу жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыру және Келісімдi бұзу барысында республика мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз ету тапсырылсын. 3. "Атырау облысының Кенбай кен орнында "Бидерманн Интернэшнл (АҚШ) компаниясымен өнiм бөлiсу шартымен (Продакшн Шеринг) мұнай барлау, игеру және өндiру жөнiнде Келісім жасау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 9 шiлдедегi № 581 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |