|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 тамыздағы № 1274 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 2071 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Тауарлардың заттаңбаларына (этикеткаларына) мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат енгізу жөніндегі талаптар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 тамыздағы № 1274 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 43, 395-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) 1-тармақта: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «1. 2000 жылдың 1 сәуірінен бастап осы қаулыға қосымшада көрсетілген тауарларды тауар заттаңбаларында (этикеткаларында, бумаларында, нұсқаулықтарында ж. т.б.) мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпаратты болуынсыз Қазақстан Республикасының аумағында сатуға тиым салынсын»; 2) 2-тармақ алынып тасталсын. 2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |