|
|
|
«Республикалық астық сараптау» және «Қазтұқымсараптау» Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының мәселелері (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң жанындағы «Республикалық астық сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсiпорыны мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң «Қазтұқымсараптау» шаруашылық жүргiзу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсiпорынын қосу жолымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң «Қазагрэкс» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсiпорынына (бұдан әрi - Кәсiпорын) қайта ұйымдастырылсын. 2. Мемлекеттік басқарудың уәкiлеттi органы, сондай-ақ Кәсiпорынға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсi функцияларын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі айқындалсын. 3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi нысанасы заңдарға сәйкес: астық пен оның өңделген өнiмдерiнiң сақталуын және сапасын сараптау, тиiстi сертификаттар бере отырып, астық пен оның өңделген өнiмдерiнің сапасын белгiленген тәртiппен сертификаттық сынау; жаңа егiн астығының сапасын бағалау және оны ұтымды пайдалану жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; ауыл шаруашылығы өсімдiктерi тұқымдарының сорттық және себу сапаларын тексерудi (сараптауды) және оларды құжаттауды жүзеге асыру деп айқындалсын. 4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігi: Кәсіпорынның Жарғысын бекiтсiн, оның басшысымен шарт жасассын және белгiленген тәртiппен Кәсiпорынның мемлекеттік тiркеуiн өткiзсiн; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы Қазақстан Республикасының Yкіметіне ұсыныстар енгiзсiн; 5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 6. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жанындағы Республикалық астық инспекциясын қайта ұйымдастыру туралы» 1999 жылғы 17 наурыздағы № 251 және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінің Республикалық мемлекеттік тұқымдық инспекциясын қайта ұйымдастыру туралы» 1999 жылғы 17 наурыздағы № 252 қаулыларының күшi жойылған деп танылсын. 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |