|
|
|
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігінiң мәселелерi ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 1406 қаулысымен күші жойылды "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын орындау мақсатымен республиканың ұдайы дамып отырған сыртқы байланыстарын ескере келiп Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігінiң орталық аппараты қызметкерлерiнiң саны 476 адам (шет елдердегi мекемелердiң аппараты мен қызмет көрсетушi адамдарды қоспағанда) болып белгiленсiн. Сонымен бiрге аппаратты 1992 жылы 190 адамға, 1993 жылы - 197 адамға кезең - кезеңмен көбейту негiзге алынсын. 2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігінде министрдiң 5 орынбасары, оның iшiнде бiр бiрiншi және құрамында 17 адамнан тұратын коллегия болуына рұқсат етiлсiн. 3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі қызметкерлерiнiң "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында жалақыны арттыру және бағаны реттеу туралы" 1992 жылғы 25 сәуірдегі № 730 Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 20 мамырдағы № 448 қаулысында көзделмеген жалақы мөлшерi № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсiн. 4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі қызметкерлерiне дипломатиялық дәрежесi үшiн № 2 қосымшаға сәйкес үстеме белгiленсiн. 5. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігінiң қызметкерлерiне шетел тiлдерiн бiлгенi үшiн лауазымдық жалақысына 30 процентке дейiн төлем жасалсын. ҚР Үкіметінiң 02.04.97 ж. № 465 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді 6. Қызмет көрсетуден түскен өз (бюджеттен тыс) қаржысын соммен де, валютамен де, толығымен Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігінiң материалдық-техникалық базасын дамытуды қаржыландыру үшiн, сондай-ақ оның арнаулы және басқа мақсаттарына жұмсауға рұқсат етiлсiн. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігімен бiрлесiп арнайы қаржы бойынша және ағымдағы валюталық есептер ашуды қарастырып, көрсетiлген қаржыны пайдаланудың жалпы тәртібін анықтасын. 7. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігіне жылжымалы құрамымен 40 автомобилi бар автокөлiк гаражына рұқсат берiлсiн. Алматы қаласының әкімі Қазақстан Республикасы Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Iс басқармасымен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігін гаражбен қамтамасыз ететiн болсын. 8. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігінiң орталық аппараты үшiн қызмет бабындағы 6 жеңiл автомашина лимитi белгiленсiн. 9. Қазақстан Республикасы Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Iс басқармасы өз балансынан 2 "Чайка" автомашинасын шетелдiк делегацияларға қызмет көрсету үшiн Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігінiң балансына беретiн болсын. 10. Қазақстан Республикасының Материалдық ресурстар министрлігі шетелдiк делегацияларға қызмет көрсету дипломатиялық почтаны тасу және басқа да қажеттер үшiн Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігінiң өтiнiмi бойынша мынадай автомашиналар бөлетiн болсын: ГАЗ-2410 "Волга" - 32 ГАЗ-2412 - 2 РАФ-22035-01 "Латвия" - 2 ГАЗ-53 жүк машинасы - 1 ЛАЗ-2141 автобусы - 1 11. Қазақстан Республикасының Материалдық ресурстар министрлігі, Экономика жөніндегі мемлекеттік комитетi, Сауда министрлігі, "Қазмұнайөнiм" және "Қазжеңiлөнеркәсiп" концерндерi тиiсiнше материалдық-техникалық ресурстар, жанар-жағар материалдар, ұйымдастыру iсiнiң техникасын, кеңсе бұйымдарын, өкiлдiк мақсаттар үшiн кәдесыйлар бөлудi қарастырсын. 12. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігінiң дипломатиялық дәрежесi бар қызметкерлерi өкiлдiк киiмдерiмен қамтамасыз етiледi деп белгiленсiн. 13. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Қазақстан Республикасының қаржы министрлігімен бiрлесiп өкiлдiк киiм-кешек мөлшерiн белгiлеп, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің бекiтуiне ұсынатын болсын. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі аталған мақсаттарға республикалық бюджеттен қажеттi қаржыны бөлетiн болсын. 14. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлігі 1992 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігін шет елдерде және ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде керек болатын пункттерiмен бiрге қажеттi телефон, телекс және басқа да байланыс құралдарымен қамтамасыз етсiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігінiң өтiнiмi бойынша Министрлiктiң ғимаратына параболикалық телевизиялық антена орнататын болсын. Осы мақсат үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі тиiстi қаржы бөлудi көздесiн. 15. Қазақстан Республикасының Мемлекет хауiпсiздiгi комитетi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігінде шифрлық қызмет жүйесiн ұйымдастырсын. 16. Қазақстан Республикасының Шетел инвестициялары жөніндегі Ұлттық агенттiгi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігімен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігінiң әкiмшiлiк үйiн салуға шетел инвестицияларын тарту туралы ұсыныс әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн. 17. Алматы қаласының әкімі Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігінiң үйiнде асхана буфеттер ашсын. 18. Алматы қаласының әкімі 1993 жыл iшiнде Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігін 35-40 пәтермен қамтамасыз етсiн. Мемэкономком аталған тұрғын үйлердi салуға инвестициялық қордан қаржы бөлудi көздейтiн болсын. 19. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігінiң материалдарын басып шығару жөніндегі тапсырыстарын орындайтын болсын. 20. Қазақстан Республикасының Бiлiм беру министрлігі мен Сыртқы iстер министрлігі дипломат кадрлар даярлау мақсатында Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетiнде халықаралық қатынастар факультетiн ашсын. 21. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігіне өз қызметкерлерiн ТМД-ға қатысушы мемлекеттер мен шет елдерге оқуға және білімiн көтеруге жiберу хұқы берiлсiн. 22. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі қызметкерлерiнiң қызмет бабында шет елдерге баратын iссапарына жыл сайын Республикалық валюта қорынан валюта қаржысының лимитi бөлiнiп отырсын. 23. Алматы облысының әкімі Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігінiң қызметкерлерiне бау-бақшаға жер бөлiп берсiн. 24. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі мен Әдiлет министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бұрын қабылдаған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкестендiру туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныс енгiзсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 2 шiлдедегi № 565 қаулысына № 1 қосымша Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 20 мамырдағы № 448 қаулысында көзделмеген Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысының мөлшерi (Кесте) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 2 шiлдедегi № 565 қаулысына № 2 қосымша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі қызметкерлерiнiң дипломатиялық дәрежесiне үстеме мөлшерi (Кесте)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |