|
|
|
Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 26.07.01 ж. № 1010 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Азаматтардың еркiн қоныс аударуға демократиялық хұқтарын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету туралы" Заңы қабылданғанға дейiн Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету мәселелерiн реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасынан келу және Қазақстан Республикасынан кету тәртібі туралы уақытша Ереже (қоса тiркелiп отыр) бекітілсiн. 2. Сыртқы iстер министрлігі, Iшкi iстер министрлігі, Ұлттық хауiпсiздiк комитетiмен, Қазақстан Республикасының басқа да мүдделi министрлiктерiмен, ведомстволарымен бiрлесiп, Қазақстанға келуге және республикадан кетуге байланысты практиканы және заң мәселелерiн жүйелi зерделеу мен жинақтау негiзiнде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету туралы" Заңының жобасын әзiрлеудi жеделдетсiн. 3. Сыртқы iстер министрлігі, Iшкi iстер министрлігі, Ұлттық хауiпсiздiк комитетiмен, Қазақстан Республикасының басқа да мүдделi министрлiктерiмен, ведомстволарымен бiрлесiп, ведомстволық актiлер мен нұсқауларды осы уақытша Ережеге сәйкестендiрсiн. 4. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне мынадай тәртiптер жөніндегі нормативтiк актiлердiң ұсыныстары мен жобаларын енгiзсiн: шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының аумағына келуi және олардың осы аумақ арқылы аялдама жасап өтуi - Iшкi iстер министрлігі, Сыртқы iстер министрлігі, Ұлттық хауiпсiздiк комитетiмен бiрлесiп; көркем, мәдени игiлiктердi шекарадан алып өту - Мәдениет министрлігіне, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігіне, Iшкi iстер министрлігіне, Сыртқы iстер министрлігіне, Әдiлет министрлігіне, Кеден комитетiне; Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың жеке құжаттарын Қазақстан Республикасының шекарасынан алып өту, салу және талап ету - Сыртқы iстер министрлігі, Iшкi iстер министрлігі, Ұлттық хауiпсiздiк комитетiмен бiрлесiп жасалсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 29 қыркүйектегi № 813 қаулысымен Бекiтiлген Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету тәртібі туралы Уақытша Ереже I. Жалпы Ережелер 1. Ережелер мiндетi Осы Ереже Қазақстан Республикасы азаматтарының шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу, олардың Қазақстан Республикасынан кету тәртібін реттейдi, оларға Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары, Адам хұқығының жалпыға ортақ декларациясы мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары берген еркiн жүрiп-тұру кепiлдiгiн жүзеге асырады. Келу және кету мәселелерi бойынша мемлекеттік атқару органдары қабылдаған актiлер осы Ереже бекiткен жеке адамдардың хұқықтарын шектей алмайды. II. Қазақстан Республикасынан кету үшiн құжаттарды ресiмдеу 2. Шетел паспорты Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасынан кету үшiн шетел паспорты берiледi. Паспортта кетудiң мақсаты көрсетiледi. Шетел паспорты Қазақстан Республикасынан әлемнiң барлық елдерiне кету үшiн күшiн сақтайды. Қазақстан Республикасының азаматтарына шетел паспортын, дипломатиялық немесе қызметтiк паспортты, сондай-ақ теңiзшi паспортын беру тәртібі Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiткен ережемен айқындалады. Шетел паспорты Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылады. Халықаралық жол жүру құжаттары әзiрленгенге дейiн Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн бұрынғы КСРО-ның дипломатиялық, қызметтiк немесе шетелдiк паспорттары күшiнде қалады деп есептелсiн. Қазақстан Республикасының жол жүру құжаттарын берушi органдар, жоғарыда аталған құжаттарды Қазақстан Республикасының азаматтарына азаматтығына жататындығын куәландыратын мөрмен растайды. 3. Шетел паспортының күшiнде қалу мерзiмi Шетел паспорты бес жылға берiледi. Бұл мерзiмдi Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары және Қазақстан Республикасының шетелдегi консулдық мекемелерi ұзарта алады. Шетел паспортын бергенi және ұзартқаны үшiн мемлекеттік баж салығы алынады. 4. Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының шекарасынан өтуге қажеттi құжаттары Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасынан кету барысында өтпелi пункттерде шетелдiк паспортына мемлекеттік шекарадан өткен күнiне белгi соғатын паспорттық бақылаудан өтедi. Халықаралық шартпен белгiленген жағдайдағы Қазақстан Республикасының кету барысында Қазақстан Республикасының шекарасынан өту үшiн шетелдiк паспортта, рұқсат қағазсыз сапар жасау туралы Қазақстан Республикасымен келісімi бар шетел мемлекеттерiнен басқа азамат тiкелей бара жатқан шет мемлекеттiң шақыру белгiсi қойылуы қажет. Заңды өкiлдiң iлесуiнсiз бара жатқан, 18 жасқа толмаған азаматтар, Қазақстан Республикасынан кету және баратын елi көрсетiлген, өзiнiң заңды өкiлiнiң кетуге келiскенi туралы нотариалдық куәландырылған арызды көрсетедi. Ата-анасының бiреуiнiң келісімi болмаған жағдайда кәмелетке толмаған адамның кетуi сот шешiмiнiң негiзiнде шешiлуi мүмкiн. 5. Шетел паспорттарын берудiң негiзi Қазақстан Республикасынан уақытша баруға немесе түпкiлiктi тұруға кету үшiн шетел паспортын шетел мемлекеттеріндегі жеке адамдар мен ұйымдардың шақыруы бар жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтарына олардың жеке арыздары бойынша немесе олардың заңды өкiлдерiнiң өтiнiштерi бойынша iшкi iстер органдары бередi. Қазақстан Республикасының кетуге арналған шетел паспорттарын ресiмдеу мен беру тәртібі осы Ережемен және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің соған сәйкес шығарған актілерімен, сондай-ақ баратын елден алынған келісіммен белгiленедi. 6. Шетел паспортын ресiмдеуге қажеттi құжаттар 1. Шетелге баруға шақыру. 2. Шетел паспортын беру туралы арыз-анкета. 18 жасқа толған азаматтар, тұрақты тұрғылықты жерi бойынша iшкi iстер органдарына, соңғы 5 жылдағы еңбек қызметi туралы мәлiметтi көрсетiп, бередi. 3. Мемлекеттік баж салығын төлегенi туралы құжат. 4. 18 жасқа дейiнгi балалардың кетуi барысында олардың заңды өкiлдерiнiң өтiнiшi. 5. Түпкiлiктi тұруға кеткен кезде алименттiк және басқа заң жолымен бекітілген реттелмеген мiндеттемелерiнiң жоқтығын растайтын құжаттар. 6. Кетушiлердiң 14-тен 18 жасқа дейiнгi балалардың түпкiлiктi тұратынын растайтын нотариалдық куәландырған құжаттар. Осы ереженiң 7-тармағының бiрiншi абзацында айтылған, арызды жедел қарау көзделген жағдай туындаған кезде, тиiстi құжаттар қоса берiледi. Қазақстан Республикасының азаматы шетелге турист ретiнде кеткен жағдайда, туристiк ұйымның өтiнішi, туристiң соңғы 5 жылдағы еңбек қызметi туралы мәлiмет көрсетiлген анкета берiледi. 7. Шетел паспортын беру туралы арызды қараудың тәртібі мен мерзiмдерi Шетелге уақытша баруға арналған шетел паспорттарын беру туралы азаматтардың арызы бiр ай мерзiмде, ал егер кетушiнiң сапары, шетелде тұратын туысқанының ауыр науқасына немесе қазасына байланысты болса, баратын елiнiң медициналық мекемесi растаған құжатты көрсеткен жағдайда - үш жұмыс күнi iшiнде қаралады. Бұл арыздарды қарау нәтижесi, ал қабыл алмау жағдайында, оның себептерi арыз берушiлерге жазбаша нысанда жеткiзiледi. Жоғары органның немесе соттың оған шетел паспортын беруден бас тартуының негiзсiздiгiне азаматтың шағынуының дұрыстығы мойындалған жағдайда, осы мәселе бойынша қайта берiлген арыз бiр ай iшiнде қаралады. Бұл орайда, егер онда көрсетiлген мәлiметтер өзгерiссiз қалған болса, бұрын тапсырылған құжаттар назарға алынады. 8. Қазақстан Республикасынан кету хұқын уақытша шектеуге арналған негiздер Қазақстан Республикасының азаматына мынадай жағдайда: 1) егер ол мемлекеттік құпияны құрайтын мәлiметтерге ие болса, осы жағдай күшiн тоқтатқанға дейiн; 2) егер оған қарсы қылмысты iс қозғалған болса - iс бойынша жұмыс аяқталғанға дейiн; 3) егер қылмыс жасағаны үшiн сотталса - айыбын өтегенше немесе айыптан босатылғанға дейiн; 4) егер ол сот оған жүктеген мiндеттi орындаудан жалтарса - мiндеттi орындағанға дейiн; 5) егер ол мiндеттi әскери қызметiн өтеп жатса - мiндеттi әскери қызметiн өтеудi аяқтағанға дейiн немесе одан заңға сәйкес босатылғанға дейiн; 6) егер ол өзi туралы қасақана өтiрiк мәлiмет берсе; 7) егер оған сотта азаматтық айып тағылса - iс бойынша жұмыс паспортын беруден уақытша бас тартылатын болады. Азаматқа берiлген шетел паспорты осы тармақтың 1-7 бөлiктерiнде белгiленген жағдайлар анықталғанда, сондай-ақ оны қолдан өзгерткенде, қылмыс жасау үшiн пайдаланғанда, Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылғанда қайтып алынуы мүмкiн. Паспорт қайтып алынған жағдайда оны берген мемлекеттік органдарға қайтарылуға жатады. 9. Шетел паспортын беруден бас тарту жөніндегі шешімге шағымдану тәртібі. Осы Ереженің 8-тармағының 2, 3 бөліктерінде көзделген негіздер бойынша шетел паспортын беруден бас тарту шағымдануға жатпайды. Осы Ереженің 8-тармағының басқа бөліктерінде көзделген негіздер бойынша шетел паспортын беруден бас тартқан, жауап қайтару осы Ережеде белгіленген мерзімнен кешіктірілген немесе шетел паспортын алып қойған жағдайда азамат заңда белгіленген тәртіппен жоғары органға немесе тұрғылықты жері бойынша сотқа шағым бере алады. Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚРМК-нiң 1993.03.24. № 228 қаулысымен. III. Қазақстан Республикасынан кету хұқын оның азаматтары үшiн айрықша жағдайда реттеу 10. Азаматтардың хауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң мүмкiндiгi жоқтығына байланысты Қазақстан Республикасынан кетудi шектеу Қайсыбiр елде Қазақстан Республикасы азаматының хауiпсiздiгiне байланысты төтенше жағдай пайда болған жағдайда, соған өкiлеттi мемлекеттік органдар, жеке iстерi бойынша кетiп бара жатқан Қазақстан Республикасының азаматтарын аталған елге барудың хауiпсiз еместiгi туралы ескертедi және аталған елге уақытша кетпей тұра тұруды ұсынуға хұқылы. Қайсыбiр елде төтенше жағдай пайда болған жағдайда Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң ұсынуымен аталған елде олардың хауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң мүмкiн еместiгiне байланысты Қазақстан Республикасы азаматтарының кетуiне уақытша шектеу енгiзуге хұқылы. 11. Iске жарамсыз азаматтардың кетуi Сот iске жарамсыз деп таныған Қазақстан Республикасының азаматтары өздерiнiң заңды өкiлдерiнiң нотариалдық куәландырған заңды өтiнiштерi бойынша немесе сот шешiмiнiң негiзiнде ғана Қазақстан Республикасынан тұрақты тұруға кете алады. 12. Мiндеттi әскери қызметке шақырылуға жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының, iшкi iстер және ұлттық хауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiлерi мен қызметкерлерiнiң кетуi Шетелге уақытша кеткен және заңға сәйкес мiндеттi әскери қызметке шақырылуға жататын Қазақстан Республикасының азаматтары шақыру туралы хабарландыру алғаннан кейiн, мiндеттi әскери қызметтi өтеу үшiн Қазақстан Республикасына келуге мiндеттi. Заңға сәйкес мiндеттi әскери қызметiн өтеп жүрген әскери қызметшiлер оны өтеу уақытында шетел паспортын тапсырады. Мерзiмнен тысқары қызметтегi әскери қызметшiлер, прапорщиктер, мичмандар және офицерлiк құрамдағы адамдар мен iшкi iстер және ұлттық хауiпсiздiк органдарының қызметкерлерi, қолбасшының рұқсаты болған кезде жеке iстерi бойынша Қазақстан Республикасынан кетедi. 13. Мемлекеттік құпияны құрайтын мәлiметтерден хабардар азаматтардың Қазақстан Республикасынан кету тәртібі Мемлекеттік құпияны құрайтын мәлiметтерге ие Қазақстан Республикасы азаматтарының осы мәлiметтермен азаматтардың таныс болуына рұқсат етiлген сәттен бастап белгiленген мерзiм аяқталғанға дейiн Қазақстан Республикасынан жiберiлмеуi мүмкiн. Мәлiметтердi мемлекеттік құпия қатарына жатқызу құпия ақпараттарды қорғауды реттейтiн заңға сәйкес жүзеге асырылады. Осы тармақтың бiрiншi абзацында көрсетiлген шектеулердi, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың, оқу орындарының әкiмшiлiктерi мен әскери бөлiмдерiнiң қолбасшылары мемлекеттік құпияны құрайтын мәлiметтерге жiберiлуге қатысты жұмыспен оқуға түскен және мiндеттi әскери қызметке кiрiскен кезде азаматтардың назарына жеткiзуге тиiс. Бұл орайда мұндай мәлiметтерге жiберiлгенге дейiн ерiктi негiзде жазбаша нысандағы еңбек шарты (контракт) жасалады. IV. Қазақстан Республикасынан кететiн Қазақстан Республикасы азаматтарының хұқықтық жағдайы 14. Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан кетуiн қаржыландыру Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан кетуi олардың өз қаржысы есебiнен немесе олардың сапарын қаржыландыратын адамдардың, кәсiпорындардың және ұйымдардың қаржысы есебiнен жүзеге асырылады. Шетелге кететiн Қазақстан Республикасы азаматтарының шетел валютасын алу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi. 15. Қазақстан Республикасынан түпкiлiктi тұруға кететiн азаматтардың мiндеттерiн орындауы Қазақстан Республикасынан түпкiлiктi тұруға кететiн Қазақстан Республикасының азаматтары шетел паспорттарын алу үшiн Қазақстан Республикасында қалатын ата-анасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында кәмелетке толмаған балалары қалған жағдайда - сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасындағы заңды өкiлiнен алименттiк төлем алу жөніндегі талабының жоқтығы туралы нотариалдық куәландырылған арызын көрсетедi. Осы тармақтың бiрiншi абзацында көзделген, арыз қайсыбiр себептермен қабылданбай қалған жағдайда, кетушiнiң сотқа жүгiнуге хұқысы бар, ал сот алименттiк мiндеттiң барлығы немесе жоқтығы туралы мәселенi қарайды. Соттың шешiмi бойынша ол мiндеттемелер бiрден төленедi немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес алименттер төлеу жөніндегі мiндеттемелер белгiленуi мүмкiн. Қазақстан Республикасынан түпкiлiктi тұруға кететiн Қазақстан Республикасының азаматтары, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың және азаматтардың алдындағы бүкiл мүлiктiк мiндеттемелерiн орындап, тиiстi құжаттар тапсыруға мiндеттi. 16. Қазақстан Республикасынан түпкiлiктi тұруға кететiн адамдардың мүлiктiк жағдайы Қазақстан Республикасынан түпкiлiктi тұруға кететiн азаматтар, заңды негiздегi шетелдерге валютаға алған, өздерiне және олардың отбасы мүшелерiне тиесiлi мүлiктi өз есебiнен әкетуге, меншiк хұқындағы өзiне тиесiлi мүлiктi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының банкiлерiнде сақтаулы ақшалай қаржыларды, бағалы қағаздар мен басқа да игiлiктердi Қазақстан Республикасының аумағында өз атында сақтауға хұқылы. Мемлекет үшiн мәдени, көркем немесе тарихи игiлiк қатарынан саналатын заттарды азаматтардың Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледi. 17. Қазақстан Республикасынан кететiн азаматтардың хұқын шектеуге жол берiлмеуi Қазақстан Республикасынан кететiнi туралы тiлек бiлдiрген Қазақстан Республикасының азаматтары мен олардың отбасы мүшелерiне қатысты Қазақстан Республикасы заңдарының барлық ережелерi күшiн сақтайды. Олар барлық хұқықтарды пайдаланады және заңмен белгiленген мiндеттердi мойнына алады. Олардың азаматтық, еңбек, тұрғын үй және басқа хұқықтарын өз бетiмен қандай да болса бiр шектеулерге жол берiлмейдi. V. Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасына келу тәртібі 18. Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасына келу тәртібі Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының күшiн сақтаған шетелдiк паспорты бойынша немесе оны алмастыратын құжатпен келуiне рұқсат етiледi. Шетелде түпкiлiктi тұратын және Қазақстан Республикасының күшiн жоймаған шетелдiк паспорты бар азаматтарына, Қазақстан Республикасына кетуiне байланысты паспортына есептен шыққаны туралы Қазақстан Республикасының шетелдегi консулдық және дипломатиялық өкiлдiктерi белгi соққан жағдайда, Қазақстан Республикасына түпкiлiктi тұруға келуiне рұқсат етiледi. VI. Шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуi және Қазақстан Республикасынан кетуi (19-тармақ) Ескерту. 19-тармақтың күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.31.10. № 1408 қаулысымен. 20. Азаматтығы жоқ шетелдiк адамның Қазақстан Республикасына келуiне рұқсат етiлмеудiң негiздерi Егер ол: 1) халықаралық хұқықпен көзделген бейбiтшiлiк пен адамзаттың хауiпсiздiгiне қарсы қылмыс жасаса; (2-7) Ескерту. 20-шы тармақтың 2-7 тармақшаларының күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.31.10. № 1408 қаулысымен. 8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да жағдайларда азаматтығы жоқ шетелдiк адамға Қазақстан Республикасына келуге рұқсат берiлмеуi мүмкiн, сондай-ақ оның Қазақстан Республикасынан қуылуы мүмкiн. 21. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасынан кетуi Қазақстан Республикасында түпкiлiктi тұратын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасынан кетер кезде осы Ереженiң 6-тармағының 2-6 бөлiктерiнде көзделген құжаттарды тапсырады. Ескерту. 21-шi тармақтың бiрiншi абзацы күшiн жойған - ҚРМК-нiң 1995.31.10. № 1408 қаулысымен. 22. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасынан кету хұқын уақытша шектеуге арналған негiздер Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасынан кетуiн шектеу осы Ереженiң 8-тармағына (5-бөлiгiнен басқасы) сәйкес белгiленедi. Белгiленген құжаттары болмаса, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасынан кетуiне шекаралық бақылау органдары жол бермейдi. 23. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасынан кетуге рұқсат етпеу туралы шешiмге шағымдану тәртібі Қазақстан Республикасында түпкiлiктi тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасынан кетуiне рұқсат етпеу туралы шешiмге осы Ереженiң 9-тармағында көзделген тәртiппен шағым берiле алады. 24. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға пұрсат беру Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың келуi мен кетуiне пұрсат берудiң тәртібі, сондай-ақ Қазақстан Республикасында болуының тәртібі тиiстi нормативтiк актiлермен және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен белгiленедi. 25. Шетел мемлекеттерi өкiлдiктерiнiң басшылары мен қызметкерлерiнiң және басқа адамдарының артықшылықтары мен иммунитеттерi Осы Ереже Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен белгiленген шетелдiк дипломатиялық және консулдық өкiлдiктерiнiң басшылары мен қызметкерлерiнiң артықшылықтары мен иммунитеттерiн қозғамайды. VII. Заңсыз келгенi және кеткенi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы аялдама жасап өтудiң тәртібін бұзғаны үшiн жауапкершiлiк 26. Заңсыз келгенi және кеткенi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы аялдама жасап өтудiң тәртібін бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасынан заңсыз кеткен, Қазақстан Республикасына заңсыз келген Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк өтудiң ережелерiн бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдiк немесе азаматтығы жоқ адам, белгiленген тәртiптi бұза отырып Қазақстан Республикасының шекарасын кесiп өткендер, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан заңсыз кетуiне және Қазақстан Республикасына заңсыз келуiне жәрдемдескен адамдар Қазақстан Республикасының заңдары бойынша жауапкершiлiкке тартылады. Оларға қатысты қуып жiберу туралы шығарылған шешiмдi орындамаған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкке тартылуы мүмкiн. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан қуып жiберуге байланысты шығындар, қуып жiберiлетiн адамның немесе шетелдiктi, азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасына шақырған ұйымның немесе жеке адамның есебiнен өтеледi. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз келген жағдайда және оның қуып жiберу бойынша шығынды өтеуге қаржысы болмаса құзыреттi органдар бұл шығындарды өтеу туралы мәселенi тиiстi елдердiң дипломатиялық және консулдық өкiлдiктерiмен шешедi. Ескерту. 26-шы тармақтың бiрiншi абзацына өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.31.10. № 1408 қаулысымен. VIII. Халықаралық шарттар 27. Халықаралық шарттарды қолдану Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында осы Ережеде айтылғандардан басқа тәртiптер белгiленсе, онда халықаралық шарттың тәртібі қолданылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |