|
|
|
Қазақстан Республикасы Зейнетақы қоры туралы Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Қазақстан Республикасы Зейнетақы қоры туралы" 1993 жылғы 30 қаңтардағы № 1944 қаулысын орындау үшiн Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Зейнетақы қоры туралы қоса берiлген Ереже бекітілсiн. 2. Зейнетақы қорының мiндеттерiн жедел шешу мақсатында Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлігінiң құрылымында Зейнетақы қорының Бас басқармасы, ал жер-жерлерде оның тиiстi бөлiмшелерi құрылсын. 3. Зейнетақы қоры қаржыларын басқаруды демократияландыру, сақтық жарналарын төлеушiлердiң, зейнеткерлердiң, мүгедектердiң мүддесiн қорғау, зейнетақы төлеуге жұмсалатын шығындардың уақтылы және толығынан қаржыландырылуына бақылау жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Зейнетақы қоры басқармасы құрылысын, оның құрамына Қазақстан Республикасы Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының, Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлігінiң, Еңбек министрлігінiң, Қаржы министрлігінiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсiнiң және қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi енедi. 4. Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлігі, Зейнетақы қоры бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорларынан негiзгi қорларды, айналымдағы қаржыларды, активтер мен олардан түсетiн кiрiстердi және дивидендтердi қоса қабылдап алып, өткізудi қамтамасыз етсiн. Қабылдап алу өткізу нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне баян етiлсiн. 5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаржылардың құралу көздерi мен жұмсалу бағыты бойынша Зейнетақы қорларының бюджетiн, республикалық бюджетпен бiр мезгiлде Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің ұсынысы бойынша бекіту сұралсын. 6. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiне "Қазақ ССР-iнде азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақ ССР Заңына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы енгiзiлсiн. 7. Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлігі, Қаржы министрлігі Әдiлет министрлігімен бiрге Үкiмет шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы бiр ай мерзiм iшiнде ұсыныс енгiзсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 14 сәуірдегі № 300 қаулысымен Бекiтiлген Қазақстан Республикасы Зейнетақы қоры туралы ЕРЕЖЕ I. Жалпы ережелер 1. Зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк жағынан қорғау жүйесiне кiредi және Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлігінiң құрылымдық бөлiмшесi болып табылады. 2. Зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген Заңына сәйкес төленетiн зейнетақыларға жұмсалатын шығындарды қаржыландырушы көз болып табылады. 2-тармақтың екiншi абзацы күшiн жойған - ҚРМК-нiң 1995.08.02. № 1069 қаулысына сәйкес. 3. Зейнетақы қорының басты мiндеттерi: мiндеттi сақтық жарналарын төлеушiлердiң толық есебiн алып, тiркеудi қамтамасыз ету; қаржыларды шоғырландырып, зейнетақылар мен жәрдемақыларды, төлеуге жұмсалатын шығындарды қаржыландыруды қамтамасыз ету; қаржылардың толық келiп түсуiне бақылау жасау жөнiнен салық қызметiмен өзара қарым-қатынаста болу; осы қаржылардың түсуiнiң есебiн және белгiленген мақсатқа жұмсалуын ұйымдастыру болып табылады. II. Зейнетақы қорының қаржылары 4. Зейнетақы қорының қаржылары мыналардың есебiнен: меншiк нысанына және қызмет түрiне қарамастан, жұмыс берушiлердiң, кәсiпкер қызметпен шұғылданатын азаматтардың сақтық жарналарынан; жұмыс iстейтiн азаматтардың мiндеттi сақтық жарналарынан; жұмыс берушiлердiң мерзiмiнен бұрын тағайындалатын зейнетақыларға байланысты және зейнетақы жеңiлдiктi түрде тағайындау мақсатында жұмсалатын шығындардың орнын толтыратын қаржыларынан; нақты адамдар мен заңды ұйымдардан түсетiн ерiктi жарналар мен қайырымдылық қаржыларынан; жұмыс берушiлер мен азаматтардан кейiн қайтарып алу талабымен өндiрiп алынатын қаржылардан; қордың депозит бойынша алатын дивидендтерi мен кiрiстерiнен; (8-абзац) 4-тармақтың сегiзiншi абзацы алынып тасталған - ҚРМК-нiң 1994 ж. 31 қаңтарда № 116 қаулысымен. 5. Зейнетақы қорының ақшалай қаржылары мыналарға: қолданылып жүрген заңға сәйкес берiлетiн зейнетақыларды қаржыландыруға; қарттар мен еңбекке жарамсыз азаматтарды әлеуметтiк жағынан қорғау жөніндегі әлеуметтiк бағдарламаны жүзеге асыруға қатысуға; халықты әлеуметтiк жағынан қорғаудың жергiлiктi органдарын техникамен жарақтандыруға жұмсалады. 6. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi бекiтетiн мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыруға бөлiнетiн тарифтерге сүйене отырып, Зейнетақы қоры мен Әлеуметтiк сақтандыру қорының арасындағы қаржыларды Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi норма бойынша бөледi. 7. Зейнетақы қорының қаржылары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсіндегі республикалық бюджеттiң банкiсiнiң арнайы шоттарында сақталады. 7-тармаққа өзгерістер енгiзiлген - ҚРМК-нiң 31.01.1994 ж. № 116 қаулысымен. III. Зейнетақы қорының бюджетiн құру 8. Зейнетақы қоры бюджетiнiң жобасын Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі әзiрлейдi және алдағы жылға арналған республикалық бюджеттi қарау кезiнде бекітіледi. 8-тармақ жаңа редакцияда берiлген - ҚРМК-нiң 31.01.1994 ж. № 116 қаулысына сәйкес. IУ. Зейнетақы қорын басқару 9. Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлігі және оның жер-жерлердегi мекемелерi Зейнетақы қорын басқару органы болып табылады. 10. Жедел және ағымды мiндеттердi шешу үшiн Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлігінде Зейнетақы қорының Бас басқармасы, ал жер-жерлерде оның тиiстi бөлiмшелерi құрылады. 11. Зейнетақы қоры қаржыларын басқаруды демократияландыру, сақтық жарналарын төлеушiлердiң, зейнеткерлердiң, мүгедектердiң мүддесiн қорғау, зейнетақыларды төлеуге жұмсалатын шығындардың уақтылы қаржыландырылуына бақылау жасауды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының басқармасы құрылады, оның құрамына Қазақстан Республикасы мен Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының, Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлігінiң, Еңбек министрлігінiң, Қаржы министрлігінiң, Ұлттық банкiсiнiң және қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi енедi. Зейнетақы қорының басқармасы: зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеуге жұмсалатын шығындардың мақсатты, уақтылы және толығымен қаржыландырылуына бақылау жасауды жүзеге асырады; Зейнетақы қорының алдағы және ағымдағы мiндеттерiн белгiлейдi; Зейнетақы қоры бюджетiнiң жобасын жасайды және оны алдағы жылға арналған республикалық бюджеттiң жобасына енгізу үшiн оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне тапсырады; Зейнетақы қорына төленетiн жарналар тарифiнiң мөлшерi жөніндегі ұсынысты қарап, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiне енгiзедi; Зейнетақы қоры қызметiнiң мәселелерi жөнiнде әдiстемелiк және түсiнiк жұмыстарын жүргiзедi; Тексеру комиссиясының есебiн тыңдайды; Тексеру комиссиясының құрамын және ол туралы ереженi бекiтедi. Зейнетақы қорының басқармасы қажеттiлiгiне қарай шақырылады, бiрақ тоқсанына бiр реттен кем болмауға тиiс. Басқарма өз мүшелерiнiң кем дегенде үштен екiсi қатысқанда кәдiмгi көпшiлiк дауыспен шешiм қабылдауға хұқылы. 11-тармақтың бесiншi абзацы жаңа редакцияда берiлген - ҚРМК-нiң 31.01.1994 ж. № 116 қаулысына сәйкес. 12. Халықты әлеуметтiк жағынан қорғауға бағытталған қаржылардың мақсатты және дұрыс пайдаланылуына бақылау жасау үшiн Қазақстан Республикасы Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлігінде Тексеру комиссиясы құрылады, оның мiндеттерi: Зейнетақы қоры қаржыларының халықты әлеуметтiк жағынан қорғау жүйесiнде дұрыс және тиiмдi жұмсалуына бақылау жасау; заңсыз төлемдер жасалғанда мемлекетке келтiретiн зиянның орнын толтыру жөнiнде шаралар қабылдау; халықты әлеуметтiк жағынан қорғау мекемелерiнде құжаттарды тексеру және қаржы қызметiне тақырыптық тексерiс жүргiзу; меншiктiң барлық нысанындағы кәсiпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда Зейнетақы қорына аударылатын қаржылардың дұрыстығы және толық екендiгi жөнiнде салық қызметiмен бiрлесiп тексерiс жүргiзудi ұйымдастыру болып табылады. Тексеру комиссиясының Төрағасын Зейнетақы қорының басқармасы тағайындайды. 13. Зейнетақы қоры басқармасының органдары мен Тексеру комиссиясы мүшелерiнiң кәсiпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде Зейнетақы қорына енетiн жарналарға және одан төленетiн төлемдерге байланысты құжаттарды тексерiп, талап етуге хұқы бар. Кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер, соның iшiнде банкiлер де тексерушi органдар қызметкерлерiне өздерiнiң жұмыстарына қатысты қажеттi құжаттарды беруге мiндеттi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |