|
|
|
Республиканың мемлекеттік мұқтажын қамтамасыз ету үшiн қара металл Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен күші жойылды Металл ресурстарының қайтарылмас шығындарын болғызбау, оларды халық шаруашылығының айналымына неғұрлым толық қолдану және металлургия өндiрiстерiнiң тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Республикада қара металл сынықтары мен қалдықтарын дайындау (тапсыру) кезiнде Өнiм берiп тұру туралы ереженi қолданудың Ерекшелiктерi (қоса берiлiп отыр) бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлігі республиканың мемлекеттік мұқтажын қамтамасыз ету үшiн қара металл сынықтары мен қалдықтарын дайындауды (тапсыруды) ұйымдастыру жөніндегі қабылданған шешiмдердiң iске асырылуына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі, Өнеркәсiп министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бұрын қабылдаған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiрiлуi туралы Министрлер Кабинетiне ұсыныс енгiзсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 5 мамырдағы № 364 қаулысымен Бекiтiлген Республикада қара металл сынықтары мен қалдықтарын дайындау (тапсыру) кезiнде Өнiм берiп тұру туралы ереженi қолданудың Ерекшелiктерi Бұдан әрi текст бойынша - Ерекшелiктер. 1. Осы Ерекшелiктер Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 19 маусымдағы № 536 қаулысымен бекітілген Өнiм берiп тұру туралы ережеге сәйкес әзiрлендi және мемлекеттік кәсiпорындардың, сондай-ақ мемлекет мұқтажы үшiн қара металл сынықтары мен қалдықтарын дайындау жөніндегі акциялар мен сынықтар тапсырушы ұйымдардың бақылау пакетiне мемлекет иелiк ететiн акционерлік кәсiпорындардың мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн айқындайды. 2. Кәсiпорындар мен металл сынықтарын тапсырушы ұйымдар өз күштерiмен және құралдарымен № 2787-75 МемСТ-қа сәйкес металл сынықтарын жинауды, сақтауды және жөнелтудi қамтамасыз етуге мiндеттi. 3. Кәсiпорындар мен металл сынықтарын тапсырушы ұйымдар мемлекеттік мұқтажды қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің немесе облыстар әкiмдерiнiң тапсырмасымен белгiленген мөлшерде металл сынықтарын дайындауға (тапсыруға) Қайталамақараметтiң облыстық кәсiпорындармен контрактiлер (шарттар) жасасады. Металл сынықтарын дайындауға тапсырмалар болмаған жағдайда контрактiлер (шарттар) қалыптасқан шаруашылық байланыстарына сәйкес тараптардың екi аралық келісімi бойынша жасалады. Шарттарда металл сынықтарын тапсыру мерзiмдерi ай сайынғы шамамен бiркелкi белгiленедi, мұның өзi металлургия өндiрiсi процесiнiң үздiксiздiгiне байланысты болады. 4. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi кәсiпорындар мен ұйымдардың металл сынықтарын дайындауды (тапсыруды) қамтамасыз етуге, сондай-ақ сол үшiн кооперативтердi, шағын кәсiпорындар мен жеке адамдарды тарта отырып, олардың аумағындағы тұрмыстық және бос тек жатқан сынықтарды жинауға жәрдемдеседi. 5. Өздерiнiң кiнәсi бойынша металл сынықтарын дайындау жөніндегі шарттық мiндеттемелерiн орындамаған металл сынықтарын тапсырушылар шарт жасасқан кәсiпорынға белгiленген тәртiппен жеткiзiлмеген металл сынықтары құнының 100 процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi. 6. Қайталамақарамет кәсiпорындары кәсiпорындар мен металл сынықтарын тапсырушы ұйымдарда металл сынықтары мен қара металл қалдықтарының жиналуына, сақталуына және тапсырылуына бақылау жасауды жүзеге асырады. Кәсiпорындар мен металл сынықтарын тапсырушы ұйымдар Қайталамақарамет қызметкерлерiне сынықтар құралымы жөніндегі құжаттаманы беруге және металл сынықтарын жинау мен сақтаудың жағдайларын тексерулерiне мүмкiндiк туғызуға мiндеттi. Металл сынықтарын жинаудың, сақтау мен жөнелтудiң (берiп тұрудың) белгiленген тәртібін бұзғаны анықталғанда Қайталамақарамет өкiлi сынық тапсырушы ұйымның өкiлiмен бiрлесе отырып, акт жасайды және ашылған кемшiлiктердi жоюдың мерзiмiн белгiлейдi. Ашылған кемшiлiктер мерзiмiнде жойылмаған жағдайда Қайталамақарамет өкiлi белгiленген тәртiппен iстi мынадай мөлшерде айыппұл өндiрiп алу үшiн төрелiк сотына бередi: металл сынықтарын жинау және сақтау тәртібін бұзғаны үшiн сынық тапсырушылар жергiлiктi бюджетке оның құнының 100 процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi; металл сынықтарын жоюға әрекет еткенi анықталғаны (жерге жасыру, су жиналымдарын тастау, үйiндiлерге апарып төгу және т. б.) және айналадағы ортаны ластағаны үшiн тәртiп бұзушылардан жоюға (тығуға) апарылған металл сынықтары құнының 5 еселенген мөлшерiнде айыппұл өндiрiлiп алынады. Айыппұлдар Қайталамақарамет өкiлiнiң ұсынуы бойынша табиғатты қорғауды қадағалау органдары тарапынан салынады да жергiлiктi бюджетке аударылады. 7. Мемлекеттік кәсiпорындардың, сондай-ақ акцияларының бақылау пакетiне мемлекет иелiк ететiн акционерлік кәсiпорындардың металл сынықтарын экспортқа берiп тұруы лицензиясы Қазақ республикалық "Қайталамақарамет" өндiрiстiк жалгерлiк бiрлестiгiмен келісілген жағдайда Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 16 ақпандағы "Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды (жұмыстар атқару мен қызмет көрсетудi) экспорттауды және импорттауды квоталау және лицензиялау туралы" № 118 қаулысында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |