|
|
|
Республикада өндiрiлетiн және орталықтандырылған түрде сатып алынатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Мыналарды: а) - облыстар, Алматы және Ленинск қалалары бойынша, әскери сауданы, почта жәшiктерiн, "Темiржолресторанды" қосқанда, барлық тұтынушылар үшiн ұнға, жармаға, макарон өнiмдерiне нарықтық қорларды Қазақстан Республикасы Сауда министрлігінiң "Қазастықөнiм" концернiмен және Қазтұтынуодағымен келісілген ұсынысы бойынша; - ет пен ет өнiмдерi, сүт пен сүт өнiмдерi, жұмыртқа ресурстарының бағыттар бойынша (үкiметаралық келісімдер бойынша жөнелту, мемлекеттік резерв, әскери және арнайы тұтынушылар, әскери сауда, қалалар мен өнеркәсiп орталықтарына демеу) бөлiнуiн, Экономика министрлігінiң Қазақстан Республикасының Сауда министрлігімен және Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісімi бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi; б) астық өнiмдерi, қант, өсiмдiк майы, маргарин, балық өнiмдерi және мемлекеттік қажеттiлiк үшiн әкелiнетiн басқа да тамақ өнiмдерi ресурстарының бағыттар бойынша (әскери және арнайы тұтынушылар, өнеркәсiптiк ұқсату, мемлекеттік резерв, нарық үшiн берiп тұру және т. б.) бөлiнуiн Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі; в) әскери және арнайы тұтынушылар, әскери сауда орындары үшiн картоп пен көкөнiс берiп тұрудың көлемiн, сондай-ақ осы өнiмнiң қалалар мен өнеркәсiптiк орталықтарға демеуiн Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бекiтетiн болып белгiленсiн. 2. Халыққа сату үшiн арналған, оларды қалыптастыру өндiру мен мемлекеттік қажеттiлiк үшiн берiп тұру, үкiметаралық келісімдер бойынша және басқа да орталықтандырылған түсiрiлiмдердiң әкелiнуi есебiнен жүзеге асырылатын азық-түлiк ресурстары мен халық тұтынатын тауарларды қалалар мен селолық жерлер халқын қамтитын сауда ұйымдары мен кәсiпорындары арасында бiрлесе бөлу Қазақстан Республикасының Сауда министрлігі мен Қазтұтынуодағына жүктелсiн. Аталған тауарларды орталықтандырыла үлестiрумен облыстар, Алматы және Ленинск қалалары бойынша, соның iшiнде әскери сауда орындары, почта жәшiктерi, "Темiржолресторан" бiрлестiгi үшiн бөлудi тиiсiнше Қазақстан Республикасының Сауда министрлігі мен Қазтұтынуодағы жүргiзедi. Қаулының осы тармағында белгiленген тәртiпке сәйкес бөлiнетiн тауарлар тiзбесiн жыл сайын Қазақстан Республикасының Сауда министрлігі Қазақстан Республикасының Экономика министрлігімен келісім бойынша айқындайтын болып белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасының сауда министрлігі мен Қазтұтынуодағына халықты жабдықтауда туындаған қиыншылықтарға байланысты жекелеген аймақтарға көмек көрсету үшiн қалыптасқан ресурстардың жалпы көлемiнен 20 процентке дейiнгi мөлшерiнде жеке тауарлардың резервiн қалдыруға рұқсат етiлсiн. 4. Осы қаулының 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген басқа азық-түлiк пен халық тұтынатын тауарларының басқа да түрлерiнiң ресурстарын бөлшек сауда жүйесi арқылы халыққа сату үшiн қалыптастыру шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасында белгiленген тәртiппен жасалатын шарттар негiзiнде жүзеге асырылатын болып белгiленсiн. 5. Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің "Халық тұтынатын тауарларға нарықтық қорларды (квоталарды) бөлудiң тәртібі туралы" 1991 жылғы 7 қаңтардағы № 21 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |