|
|
|
Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына қаржыны аудару кезiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорына сақтандыру жарналарын төлемеу фактiлерiне жол бермеу және ақша қаражаттарын толығымен жинап, зейнетақыны Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорынан мерзiмiнде төлеудi қамтамасыз ету үшiн қолайлы экономикалық жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорына ақша аудару барысында мерзiмiн өткiзiп алған әр күнiнен салынатын өсiм берешек сомасының 1,5 процентi мөлшерiнде белгiленсiн. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен қаржыландырылатын мекемелер сақтандыру жарналарын аударуды кiдiрткенi үшiн өсiм төлеуден босатылады. Бюджеттік мекемелер осы қаулы шыққаннан кейiн төлеген сақтандыру жарналарын аударуды кiдiрткенi үшiн алынатын өсiм олардың алдағы төлемдерiнiң есебiне жатқызылады. 1-тармағы жаңа абзацпен толықтырылды - ҚРМК-нiң 9.12.1993 ж. № 1229 қаулысымен. 2. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлігі Қаржы министрлігімен және Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік банкiмен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасы Зейнетақы қоры жарналарының төленiп, есепке алынуы және Қазақстан Республикасы Зейнетақы қоры қаржыларының жұмсалуы тәртібін екi ай мерзiмде әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қарауына енгiзсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |