|
|
|
Жүн экспортына кедендiк баж салығының ставкасын өзгерту туралы Қазақстан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен күші жойылды Жүн нарығында қалыптасқан экономикалық жағдайды ескере отырып, мал шаруашылығымен айналысатын халықты әлеуметтiк қолдау мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының экспортқа шығарылатын тауарларға кеден тарифы туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1993 ж., № 9, 104-бап) 1993 жылғы 9 наурыздағы № 1154 Жарлығының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1993 жылғы 1 шiлдеден бастап жүн экспортына (код ТН ВЭД 5101-5105) кедендiк баж салығының ставкасы кедендiк құнның 10 процентi мөлшерiнде белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |