|
|
|
Шығыс Қазақстан облысындағы жер сiлкiнiсiнен зардап шеккен экологиялық Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен күші жойылды Түстi металлургия кәсiпорындарының шикiзат базасын дамыту және жұмыстардың экономикалық тиiмдiлiгiн арттыру, Шығыс Қазақстан облысының құрылыс материалдарына деген қажеттiлiгiн толық қанағаттандыру, сондай-ақ аймақта экологиялық және әлеуметтiк жағдайды жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлік қоғамының өз қаражаттарының және шетел кредиттерiн тарту есебiнен Шығыс Қазақстан облысында жер сiлкiнiсiнен зардап шеккен экологиялық апат аймақтары мен аудандарда рудалық базаның құрылысы, құрылыс индустриясы және денсаулық сақтау жөніндегі инициативасы № 1 қосымшаға сәйкес мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі, Қаржы министрлігі валюта кредитiн рәсiмдеу жөніндегі құжаттарды сараптаудан өткiзсiн. 150 млн. АҚШ доллары сомасына кредиттiк келісім бойынша өкiмет кепiлдiгiн рәсiмдеу үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне бiр ай мерзiмде кредиттi алу және мерзiмiнде өтеу шарттары жөнiнде қорытынды тапсырсын. "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне шетел кредиттерiн өтеу жөнiнде тиiстi кепiлдiк тапсырсын. 3. "Қазақстан Республикасының Уақытша импорттық кеден тарифi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 28 қарашадағы № 1000 Жарлығының 7-тармағы негiзiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң ұсынуы бойынша осы қаулыға қоса берiлген № 1 қосымшада көрсетiлгендей құрылыс объектiлерiн қамтамасыз ету үшiн импорттық материалдарға, жабдықтарға, құрылыс техникаларына кедендiк баж салығын жоюға рұқсат етiлсiн. 4. "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлік қоғамына № 2 қосымшаға сәйкес көлемде осы құрылыстардағы құрылысты қаржыландыру мен кредиттердi өтеудi қамтамасыз ететiн баспабас операцияларды iске асыру үшiн қажеттi түстi металдарға жыл сайын экспортқа шығару квотасы тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі белгiленген квоталарға сәйкес "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлік қоғамына мiндеттi түрде Министрлiк жанындағы арнайы сыртқы сауда компаниясы арқылы тауар өнiмдерiн сатуға баспабас лицензиясы берiлсiн. 5. 5-тармақ күшiн жойыды - ҚРМК-нiң 1994.08.15. № 904 қаулысымен. 6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қаржы бақылау жөніндегі мемлекеттік комитетi "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлік қоғамының түстi металдардың экспортынан алынған жеңiлдiктi валюталық қаржылардың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын. Объектiлердi қаржыландыруға және мақсатты кредиттердi өтеуге бағытталған, жылдық өтемдер кестесiнен тыс сомадан құралатын өнiмдердi сатудан түскен валюта түсiмдерiнен кедендiк баж салығы алынады және белгiленген тәртiп бойынша мiндеттi түрде сатылуға жатады. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |