|
|
|
Қазақстан Республикасында өнiмдердiң және тауарлардың экспорты мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен күші жойылды Лицензияланған өнiмдер мен тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және оның аумағына әкелуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, республикадағы сыртқы экономикалық қызмет пен валюталық операциялар бойынша мемлекеттік есеп берудiң есепке алыну толықтығын қамтамасыз ету мақсатында Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Мемстаткомына 1993 жылғы 1 қыркүйектен бастап мыналарды белгiлеп, енгізу тапсырылсын: № 1 нысан бойынша айлық жедел мемлекеттік есеп беру - ресурстар (халық тұтынатын тауарлар) - мұны меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан кез келген тауарлар мен шикiзат түрлерiн өндiрудi (дайындауды), республикаға әкелудi жүзеге асыратын барлық кәсiпорындар мен ұйымдар (ауыл шаруашылығы, өткiзушi, көтерме-өткiзушi, көтерме бөлшек сауда, бөлшек сауда, тоңазытқыштар, тұтыну кооперациясы ұйымдарын қоса) табыс етуге мiндеттi; № 1-әкету және № 1 әкелу нысандары бойынша тоқсандық мемлекеттік есеп беру өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiмдердiң негiзгi түрлерiн, шикiзат пен материалдарды өндiретiн, әкететiн, сондай-ақ республикаға әкелетiн бiрлестiктер, кәсiпорындар мен ұйымдар үшiн. Есеп берулер Қазақстан Республикасының ТМД мемлекеттерiмен экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастығы туралы үкiметаралық келісімге енгiзiлген өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiм түрлерi бойынша түзiледi. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Мемстаткомы экспорт-импорт операциялары бойынша жүкке кеден декларациясын бастапқы есептеу мен әзiрлеудi ұйымдастыратын болсын. 3. Қазақстан Республикасының Мемстаткомы Ұлттық банкпен бiрлесiп валюта түсiмiнiң көздерi мен оны пайдаланудың бағыттарын айқындай отырып, мемлекеттік есеп берудiң № 1-валюта "Валюталық қаражаттың қозғалысы туралы есеп беру" атты белгiленген нысаны бойынша республикадағы валюталық қаражаттың түсiмi мен жұмсалуы туралы есеп берудiң жиналуын ұйымдастырсын және қамтамасыз етсiн. Мемлекеттік есеп берудiң аталған нысаны Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және валюталық операциялар жүргiзу құқын иеленген меншiктiң барлық нысандарындағы банк мекемелерiнiң (коммерциялық пен жекелерiн қоса), сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыратын барлық кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң, меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, (соның iшiнде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен Iшкi iстер министрлігі - жиынтық түрiнде), Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің облыстық (қалалық) басқармалары мен статистика және талдау жөніндегі облыстық (қалалық) басқармаларға мiндеттi табыс етуiне жатады. 4. Сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыратын барлық сыртқы экономикалық бiрлестiктер, ассоциациялар, концерндер, кәсiпорындар және басқа ұйымдар, меншiк нысандары мен бағыныстылығына қарамастан, өздерi орналасқан жер бойынша статистикалық органға № 1 - СЭБ "Тауар экспорты (импорты) туралы есеп беру" атты нысан бойынша ай сайын жедел мемлекеттік есеп берулер табыс етедi деп белгiленсiн. 5. Сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыратын және Қазақстаннан тыс жерлерде валюталық шоты бар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан сыртқы экономикалық бiрлестiктер, ассоциациялар, концерндер, кәсiпорындар және басқа ұйымдар, меншiк нысандары мен бағыныстылығына қарамастан, осындай шоттардағы валюталық қаражаттың мөлшерi мен қозғалысына № 1 валюта нысаны бойынша тоқсанына бiр рет декларациялауға мiндеттi. 6. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен Iшкi iстер министрлігі республиканың Мемстаткомымен келiсе отырып, өндiрістiк-техникалық мақсаттағы өнiмдер мен халық тұтынатын тауарларды ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындар мен ұйымдардың әкелуi мен әкетуi жөніндегі ведомстволық статистикалық есеп берудi белгiлесiн, олардың қорытындысы жиынтық түрiнде және белгiленген номенклатура бойынша Қазақстан Республикасының Мемстаткомына облыстардың және Ленинск қалаларының ауқымында тоқсан сайын (1993 жылғы III тоқсаннан бастап) табыс етiлуге тиiс. 7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттік қаржы бақылау комитетi кәсiпорындар мен ұйымдар табыс еткен сыртқы экономикалық қызмет жөніндегі мемлекеттік есеп берулердiң толықтығы мен дұрыстығын тексерудi қамтамасыз етсiн. 8. Қазақстан Республикасының Мемстаткомы: сыртқы экономикалық қызмет жөніндегі статистикалық мәлiмет талдауларының алынуы мен әзiрленуiн және оның тиiстi сатыға табыс етiлуiн қамтамасыз ететiн болсын; сыртқы экономикалық қызмет жөніндегі бастапқы есептеу мен есеп берудiң толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етуге тұрақты бақылау белгiлесiн. 9. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі: Қазақстан Республикасы Мемстаткомының құрамында сыртқы экономикалық қызмет статистикасы және талдау басқармасын құру мақсатында 1993 жылы орталық аппараттың штат санын 10 адамға және тиiсiнше шығыс сметасын ұлғайтсын; 1993 жылы және одан кейiнгi жылдары статистикалық жұмыстардың регламентi бойынша республикалық бюджеттен қаржыландырудың көлемiн айқындаған кезде республика статистика органдарының өнiмдер мен тауарларды әкелу мен әкету, кеден статистикасы, сондай-ақ валюта үшiн көрсетiлетiн қызметтер жөніндегі қосымша есептеулер мен статистика ұйымдастыруға және жүргiзуге арналған қаржы мұқтажын ескеретiн болсын. 10. Қазақстан Республикасының Мемстаткомы әрбiр жарты жылдың қорытындысы бойынша есептеу мен есеп берудiң жай-күйiне, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызмет жөніндегі мәлiметтердiң толықтығы мен дұрыстығына талдау жүргiзсiн және талдап қорытылған ақпаратты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне табыс етсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |