|
|
|
Мемлекеттік гидрометеорологиялық сараптау туралы Ереженi бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: Мемлекеттік гидрометеорологиялық сараптау туралы Ереже (қоса берiлiп отыр) бекітілсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 29 қыркүйектегi № 959 қаулысымен Бекiтiлген Мемлекеттік гидрометеорологиялық сараптау туралы Ереже 1. Мемлекеттік гидрометеорологиялық сараптау - бұл Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің жанындағы Гидрометеорология жөніндегі Бас басқарманың (бұдан әрi "Қазгидромет") қызметiнiң түрi, оның мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында министрлiктер, ведомстволар, мекемелер мен ұйымдар өткiзiп жатқан гидрометеорологиялық бақылау мен жұмыстың, сондай-ақ атмосфералық ауаның, су бетi мен топырақтың ластануын бақылаудың (бұдан әрi "гидрометеорологиялық бақылау мен жұмыстар") және нәтиженiң салыстырмалығын, сапасын, дұрыстығын қамтамасыз ету болып табылады. 2. Мемлекеттік гидрометеорологиялық сараптау мiндеттi сипатқа ие және ол шаруашылық шешiмдердi қабылдаудың алдында жүргiзiлуге тиiс. 3. Мемлекеттік гидрометеорологиялық сараптаудың мiндетi министрлiктер, ведомстволар, мекемелер мен ұйымдар өткiзiп отырған гидрометеорологиялық жұмыстар мен бақылау нәтижесiнiң сапасы мен дұрыстығын бағалау, сондай-ақ жоспарланған шаруашылық қызметiнiң, оның iшiнде объектiлер мен құрылыстарды жобалау мен салуды гидрометеорологиялық негiздеу болып табылады. 4. Мемлекеттік гидрометеорологиялық сараптаудың объектiлерi мыналар болып табылады: метеорологиялық, агрометеорологиялық, аэрологиялық және гидрологиялық бақылау пункттерiн, сол сияқты атмосфералық ауаның, су бетi мен топырақтың ластануын бақылайтын стационарлық және жылжымалы постыларды ұйымдастыру жөніндегі құжаттар; гидрометеорологиялық бақылау мен жұмыс нәтижелерiнiң материалдары; гидрометеорологиялық жұмыстар мен бақылау өткізу кезiнде алынған материалдардың негiзiнде толық немесе жартылай түзiлген ғылыми-техникалық есеп берулер; мемлекеттік жоспарлардың жобалары, экологиялық бағдарламалар, өндiрiс күштерi мен халық шаруашылығы салаларын орналастырудың схемалары мен негiзгi бағыттарының тұжырымдары, шаруашылық және басқа қызметтi дамыту жөніндегі жобалау құжаттары, гидрометеорологиялық деректердi және министрлiктер, ведомстволар, мекемелер Қазгидрометтен алған және өздерi жүргiзген бақылау мен жұмыстар кезiнде алған айналадағы ортаның ластануын бақылау деректерiн пайдалана отырып әзiрленген техникалық-экономикалық негiздер мен құрылыс жобалары. Бұл объектiлердi сараптауды Қазгидромет оны экологиялық сараптау және Құрылысминi Қазбасмемсараптау органдары тартқан жағдайда жүзеге асырады. 5. Қажет болған жағдайда мемлекеттік гидрометеорологиялық сараптау өткізуге сараптау комиссияларына енгiзiлетiн заңды ұйымдар мен жеке адамдар (сарапшылар) шарт негiзiнде тартылады. Мемлекеттік гидрометеорологиялық сараптау өткізуге қатысушы заңды ұйымдар мен жеке адамдар (сарапшылар) өздерi жасаған қорытындылардың негiздiлiгi мен объективтiлiгiн қамтамасыз етедi. Сарапшылардың жұмыс тәртібі мен өкiлеттiлiгiн Қазгидромет айқындайды. 6. Мемлекеттік гидрометеорологиялық сараптауды жүзеге асыру мақсатында Қазгидромет: осы Ереженi орындауға бағытталған республиканың министрлiктерi, ведомстволары, мекемелерi мен ұйымдары үшiн мiндеттi құжаттар шығару; гидрометеорология саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргiзу жөніндегі әдiстемелiк құжаттардың талабын сақтауды және табиғи ортаның ластануын бақылауды тексерудi жүзеге асыру; гидрометеорологиялық жұмыстар мен бақылау жүргiзу кезiнде әдiстемелiк құжаттардың талаптарын орындамаған лауазымды адамдарды жауапқа тарту туралы министрлiктер, ведомстволар, мекемелер мен ұйымдардың басшылары алдында мәселе қою; сараптау комиссияларының дербес құрамын айқындау, оларда жетекшi ғалымдар мен жоғары біліктi мамандарды штаттан тыс сарапшылар ретiнде жұмыс iстеуге белгiленген тәртiппен тарту; сараптау өткізудiң мерзiмi мен сараптау комиссиялары жұмысының нәтижелерiн табыс етудiң тәртібін белгiлеу; қажет болған жағдайда мемлекеттік гидрометеорологиялық сараптаудың қорытындылары бойынша гидрометеорологиялық жұмыстар мен бақылауды, сондай-ақ гидрометеорологиялық ақпаратты пайдалануға негiзделген басқа да қызметтердi қысқарту, тоқтату немесе қаржыландыру мен кредит берудiң шартын өзгерту туралы республиканың Министрлер Кабинетiне ұсыныс енгізу; мемлекеттік гидрометеорологиялық сараптау нәтижелерi бойынша Қазгидромет қабылдаған шешiмдердi заңды ұйымдар мен жеке адамдардың орындауына бақылауды жүзеге асыру; мемлекеттік гидрометеорологиялық сараптау өткізу үшiн қажеттi анықтамалық, ақпараттық және басқа материалдарды министрлiктерден, ведомстволардан, мекемелерден, ұйымдардан және лауазымды адамдардан алып отыру құқына ие. 7. Қазгидромет сараптау өткiзген кезде материалдар мен құжаттардың түсiнiктi, қорытындылардың дәлелдi болуын, қолданылып жүрген нормалардың, ережелердiң, стандарттардың жариялылығын, сақталуын, сараптық қорытындының дер кезiнде дайындалуын қамтамасыз етуге мiндеттi. 8. Мемлекеттік гидрометеорологиялық сараптау өткізуге қатысушы сарапшылар мен ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес даяр етiлген қорытындылардың жинақылығын, ғылыми негiздiлiгi мен объектiлiгiн қамтамасыз ету үшiн әкiмшiлiк жауапқа және басқа жауапқа тартылады. Мемлекеттік гидрометеорологиялық сараптау өткізуге қатысушы сараптау мен сараптық комиссиялар туралы Ереженi Қазгидромет бекiтедi. 9. Мемлекеттік гидрометеорологиялық сараптаудың қорытындысына белгiленген тәртiппен төрелiк сотқа шағым жасалуы мүмкiн. 10. Мемлекеттік гидрометеорологиялық сараптау қызметiн қаржыландыру Қазгидрометтiң операциялық шығындарына арнап бөлiнген қаржы және мемлекеттік гидрометеорологиялық сараптау өткізуден түскен қаражат шегiнде жүзеге асырылады. 11. Мемлекеттік гидрометеорологиялық сараптау өткізуден түскен қаржы: мемлекеттік гидрометеорологиялық сараптау мен бөгде ұйымдарға қызмет көрсету мiндеттерiн орындауды жүзеге асырушы қызметкерлердi қосымша штатта ұстауға арналған шығындарды төлеуге; штаттан тыс сарапшылар мен консультанттардың еңбегiн төлеуге; мемлекеттік гидрометеорологиялық сараптау қызметiн ақпараттық-әдiстемелiк және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жұмсалады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |