|
|
|
Ұлттық валютаны енгізу жағдайында бағаның өсуiн шектеу жөніндегі төтенше Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен күші жойылды Халықтың тұрмыс деңгейiн қолдау, баға мен тарифтердiң негiзсiз өсуiне жол бермеу, енгiзiлетiн ұлттық валютаның тұрлаулылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Энергия көздерiнiң мемлекеттік реттелетiн бағасы туралы" 1993 жылғы 5 тамыздағы № 678 және "Нанның, нан-тоқаш өнiмдерiнiң, тарының, ұнтақ жарманың және халыққа пiсiрiлген нан орнына сатылатын ұнның бағасы туралы" 1993 жылғы 30 тамыздағы № 745 қаулыларымен белгiленген өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiмдердiң жекелеген түрлерiнiң, тұтыну тауарлары мен көрсетiлетiн қызметтiң қолданылып жүрген реттелетiн бағасын (тарифтерiн) қайта есептеудiң реттелетiн бағасы мен коэффициенттерiнiң шектi мөлшерi осы қаулыға берiлген № 1 және № 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсiн. Меншiктiң барлық нысандарындағы кәсiпорындар мен ұйымдар № 1 және № 2 қосымшаларда көрсетiлген өнеркәсiп өнiмдерi мен қызметтердi өткізуде, сондай-ақ 1994 жылдың 5 қаңтарына дейiн - осы қаулыға тiркелген № 2 қосымшада көрсетiлген тұтыну тауарларын өткiзген кезде баға мен тарифтердiң шектi мөлшерлерiн қолданады; Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қосылған құнға салықтан босату туралы" 1992 жылғы 12 тамыздағы № 673 қаулысымен бекітілген қосылған құн салығынан босатылған тауарлар Тiзбесiне енгiзiлген балалар тауарларының түр-түрлерiне сауда үстемесiнiң шектi мөлшерi жасап шығарушы кәсiпорынның босату бағасына 40 процент мөлшерiнде белгiленсiн. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiне жерлеу жоралғысы қызметiнiң ең төменгi жиынтығына баға белгiлеу, алайда "1993 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 25 қазандағы № 2477- ХII "жанымен белгiленген жерлеуге берiлетiн жәрдемақының шектi деңгейiнен асырмау ұсынылсын; Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі жанындағы Баға комитетi 3 күн мерзiмде электр мен жылу энергиясына, нан мен нан-тоқаш өнiмдерiне жаңа прейскуранттар әзiрлеп, бекiтетiн болсын. Кәсiпорындарда, ұйымдарда және басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiлерде 1993 жылғы 15 қарашадағы жағдай бойынша осы қаулыға берiлген № 1 және № 2 қосымшаларда көрсетiлген қалған өнiмдерге түгендеме мен қайта бағалау жүргiзiлсiн, әрi жете бағалаудың сомасы олардың өз айналым қаржысын толықтыруға жiберiлсiн. 1-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінiң 28.12.1993 № 1302 қаулысымен. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінiң 26.09.1995 № 1283 қаулысымен. 1-тармақтың 4-шi абзацы күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 02.07.1997 № 1045 қаулысымен. 2. 2-шi тармақтың күшi жойылды - ҚРКМ-нiң 21.01.1994 № 91 Қаулысымен 3. Осы қаулыға берiлген № 1 және 2 қосымшаларда көрсетiлмеген өнiмдер мен көрсетiлетiн қызметтiң 1993 жылғы 1 қарашадағы жағдайы бойынша қолданылған еркiн (нарықтық) және реттелетiн бағасы (тарифтерi) 0,002 коэффициентiне көбейту арқылы қайта есептеледi. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi еркiн және реттелмелi бағаның қайта есептелуiнiң дұрыс жүргiзiлуiне қатаң бақылауды қамтамасыз етсiн. 4. Өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiмнiң, тұтыну тауарлары мен көрсетiлетiн қызметтiң бағасын (тарифтерiн) дөңгелектеу бiр тиынға дейiнгi дәлдiкпен жүргiзiлетiн болып белгiленсiн. 5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі жанындағы Баға комитетi, Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінiң Бас салық инспекциясы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің жанындағы Мемлекеттік қаржы бақылау комитетi және олардың жергiлiктi жерлердегi органдары: шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң баға мен рентабельдiлiктiң шектi деңгейлерiн сақтау жөніндегі қызметiне бақылау жасалуын қамтамасыз етсiн; мемлекеттік баға (тарифтер) тәртібін бұзуға жол берген шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Мемлекеттік баға тәртібін бұзғаны үшiн экономикалық санкциялар қолдану тәртібі туралы Ереженi бекіту туралы" 1992 жылғы 17 наурыздағы № 245 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1992 ж., № 11, 197-бап) белгiленген тәртiпке сәйкес экономикалық ықпал жасау шаралары қолданылатын болсын. 6. Осы қаулы күшiне енгеннен кейiн мыналардың күшi жойылған деп танылсын: Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Энергия көздерiнiң бағасын мемлекеттік реттеу және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге тарифтердiң қымбаттауына байланысты халықты әлеуметтiк қолдау туралы" 1993 жылғы 28 қаңтардағы № 68 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1993 ж., № 2, 29-бап) 1-тармағы; Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік ресурстан реттелмелi баға бойынша құрамажем босатуды реттеу туралы" 1993 жылғы 19 шiлдедегi № 1298 қаулысын орындау туралы" 1993 жылғы 21 шiлдедегi № 641 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1993 ж., № 31, 355-бап); Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Энергия көздерiнiң мемлекеттік реттелетiн бағасы туралы" 1993 жылғы 5 тамыздағы № 678 қаулысындағы: 15-тармақ; № 2 қосымшаның "Байланыстың негiзгi қызметтерi" бөлiгіндегі "сондай-ақ басқа да жалғызiлiктi зейнеткерлер мен мүгедектер (ерлi-зайыптылар)" деген сөздер; Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Нанның, нан-тоқаш өнiмдерiнiң, тарының, ұнтақ жарманың және халыққа пiсiрiлген нан орнына сатылатын ұнның бағасы туралы" 1993 жылғы 30 тамыздағы № 745 қаулысының 4-тармағы. 7. Осы қаулы 1993 жылғы 15 қарашадан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қарашадағы № 1121 қаулысына № 1 қосымша Осы қосымшаның 6, 25-29 абзацтары 1994 жылғы 25 наурыздан бастап, 1-5, 7-24 абзацтары 1994 жылғы 1 сәуiрден бастап күшiн жойды - ҚРМК-нің 23.03.1994 № 288 қаулысымен. Халықтан басқа барлық тұтынушылар үшiн құрама жемнiң бағасы бөлiгiнiң күшi жойылды деп танылсын - бұл өзгерiс ҚРМК-нiң 19.07.1994 ж. № 806 қаулысымен енгiзiлді. Өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы қызметтердiң жекелеген түрлерiнiң қолданылып жүрген бағалары мен тарифтерiн қайта есептеудiң реттелмелi бағалары (тарифтерi) мен коэффициенттерiнiң Шектi мөлшерлерi теңге және тиын (ҚҚС-ты қоспағанда) Көмiр (1 тоннасы үшiн): Қарағандының кәдуiлгi көмiрi 52 көмiр концентраты 70 Екiбастұз көмiрi 11 Мұнай (1 тоннасы үшiн) 100 Табиғи газ (1 мың текше м. үшiн): "Қазақгаз" ұлттық газ компаниясы босататын 230 оның iшiнде Маңғышлақ энергия комбинатына 180 "Алау газ" мемлекеттік холдинг компаниясы босататын 280 оның iшiнде кейiн халыққа сату үшiн ұжымшарлар мен кеңшарларға 90 Бензиннен тазартылған құрғақ газ (1 мың текше м. үшiн) 47 Республиканың кәсiпорындары шығаратын сұйытылған газ (1 тоннасы үшiн) 110 Сұйытылған газ (1 тоннасы үшiн): өнеркәсiптiк тұтынушылар үшiн 0,0072 коэф. автомобиль көлiгi үшiн 0,0074 коэф. коммуналдық тұрмыстық мұқтаждарға (1 кг. үшiн) 0-45 (ҚҚС-ны қосқанда) Автомобиль бензиндерi 0,0032 коэф. Жермай 0,006 коэф. Дизель отыны 0,0037 коэф. Мазут 0,0034 коэф. Авиация жермайы 0,004 коэф. Электр қуаты бекітілген прейскурант бойынша Жылу қуаты бекітілген прейскурант бойынша Iшкi республикалық қатынаста жүктердiң темір жол көлiгiмен тасымалдары (азаматтардың үй заттары мен сұйытылған газдан басқа) 0,0036 коэф. Байланыс көрсететiн негiзгi қызметтер Телефон мен телеграф арналарын жалдау 0,006 коэф. Байланыстың, радио хабарын таратудың, радио байланысы мен теледидардың техникалық құралдарын пайдалану 0,004 коэф. Халықаралық байланыстың көрсететiн қызметтерi: бюджеттегi ұйымдарға (бiр минутi үшiн) облыс iшiнде 0-12 республика iшiнде 0-18 шаруашылық есептегi ұйымдарға 0,01 коэф. Үкiметтiк байланыс көрсететiн қызметтер 0,004 коэф. Бюджеттегi ұйымдарға радио хабарларын тарату нүктесi мен телефонды пайдаланғаны үшiн абонемент ақысы 0,01 коэф. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қарашадағы № 1121 қаулысына № 2 қосымша Осы қосымшаның 26-39, 41-51-абзацтары 1994 жылғы 1 сәуiрден күшiн жойды - ҚРМК-нің 23.03.1994 № 288 қаулысымен. 2-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінiң 28.12.1993 № 1302 қаулысымен. Тұтыну тауарлары мен халыққа қызмет көрсетудiң жекелеген түрлерiне қазiргi қолданылып жүрген бағалар мен тарифтердi қайта есептеудiң реттелмелi бағалары (тарифтерi) мен коэффициенттерiнiң Шектi көлемi теңге мен тиын (ҚҚС-пен) Нан және нан-тоқаш бұйымдары № 001-05-1993 прейскурантына 0,008 коэффициентi Жоғары сортты бидай ұны (1 кг үшiн) 0-80 Ботқа жармасы (1 кг үшiн) 0-84 Тары (1 кг үшiн) 0-64 Макарон бұйымдары (1 кг үшiн) 1-10 Қант (1 кг үшiн) 3-40 Сүт (1 литрi үшiн) 0-40 Айран (1 литрi үшiн) 0-50 Ұйытылған сүт (1 литрi үшiн) 0-50 Майлылығы 18 процент жоғары сортты сүзбе (1 кг үшiн) 2-00 Майлылығы 20 процент кiлегей (1 литрi үшiн) 2-20 Майлылығы 25 процент қаймақ (1 кг үшiн) 2-50 Мал майы (1 кг үшiн) 7-00 Өсiмдiк майы (1 кг үшiн) 5-20 Жұмыртқа (10 данасы үшiн) 1-40 Ет (1 кг үшiн): сиыр етi 4-40 қой етi 4-00 шошқа етi 5-00 құс етi 4-40 Қорытылған ас тұзы (1 кг үшiн) 0-10 Кiр сабынның бiр кесегi үшiн (350 грамы) 0-70 Халыққа сатылатын құрамажем (1 кг үшiн) 0-35 Жалпы пайдаланымдағы қала көлiгiмен жолаушылар және қол жүгi тасымалы 0-10 Автомобиль бензинi 0,0032 коэф. Дизель отыны 0,0037 коэф. Тұрмыстық пеш отыны 0,006 коэф. Жарық беруге жағылатын жер май 0,006 коэф. Жекешелендiрiлген тұрғын үй қорындағы пәтерақы және пайдалану шығындары жалпы көлемi 1 шаршы метр үшiн айына 0-04** Сұйытылған газ (1 кг үшiн) 0-45 Тұрғын үйлердi жылыту, тағам әзiрлеу мен су жылыту үшiн пайдаланылатын желiлi газ (1 текшеметрi үшiн) 0-11** Халыққа сатылатын көмiр 0,003 коэф. Су құбыры мен канализация қызметi 0,006 коэф.** Коммуналдық-тұрмыстық мұқтажға босатылатын электр қуаты (1 квт сағат үшiн) халықтың тұрғын жерлерiне: селолық елдi мекендерде 0-03** қалалық елдi мекендерде (тұрақты электр пештерi және электр-қыздыру қондырғыларымен жабдықталған үйлерден басқасы) 0-04** қалалық елдi мекендерде (тұрақты электр пештерi және электр-қыздыру қондырғыларымен жабдықталған үйлерде) 0-03** Орталықтан жылыту және ыстық сумен жабдықталуға арналған жылу қуаты 0,004 коэф.** Байланысты негiзгi көрсетiлетiн қызметтерi телефон пайдаланғаны үшiн абонементтiк төлем (айына): негiзгi аппарат үшiн 4-35** сондай, өздерiнiң күтiмiне зейнетақысына үстеме алатын зейнеткерлер мен мүгедектер үшiн 2-20** қосарланған аппарат үшiн 3-50** сондай, өздерiне жасалатын күтiм үшiн зейнетақысына үстеме алатын зейнеткерлер мен мүгедектер үшiн 1-70** қалалар мен селоларда радио хабарларын тарататын нүктелердi пайдаланғаны үшiн абонементтiк төлем (айына): бiр бағдарламалы 0-20** көп бағдарламалы 0-30** Почта байланысының қызмет көрсетуi 0,01 коэф. Телеграф байланысының қызмет көрсетуi 0,01 коэф. Қалааралық байланыстың қызмет көрсетуi (1 минуты үшiн): республика iшiнде 0-14 облыс iшiнде 0-10 --------------------------------------------------------------------- заңдарда белгiленген тәртiппен пәтерақының мөлшерiн бекіту кезiнде ескерту үшiн ұсыныс ретiнде келтiрiлдi. ** 1993 жылдың 1 желтоқсанынан бастап күшiне енгiзiледi. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 12 қарашадағы № 1121 қаулысына № 3 қосымша Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң өнiмдерiне (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) рентабельдiлiктiң Шектi деңгейлерi өзiндiк құнға процент есебiмен Металлургия, мұнай-химия ағаш өңдеу, целлюлоза-қағаз, жеңiл, құрылыс материалдары, машина жасау және металл өңдеу өнеркәсiптерiнiң өнiмдерi 30 Өнеркәсiптiң барлық салаларындағы (тұз өндiрудi қоса) тау-кен кәсiпорындарының өнiмдерi 50 Түстi металлургиядағы тау-кен металлургия кәсiпорындарының өнiмдерi 40 Ағаш дайындау өнеркәсiбiнiң өнiмдерi 50 Мал шаруашылығы өнiмдерi 35 Жүндi бастапқы өңдеу кәсiпорындарының өнiмдерi 10 Өсiмдiк шаруашылығының өнiмдерi 50 Астық қабылдау, ұн тарту - жарма және құрамажем өнеркәсiптерiнiң өнiмдерi 15 Наубайлық өнеркәсiбiнiң өнiмдерi 20 Тәттi тағамдар өнеркәсiбiнiң өнiмдерi 30 Балық өнеркәсiбiнiң өнiмдерi 40 Ат-сүт өнеркәсiбiнiң өнiмдерi 10 Көлiктiң барлық түрiмен тасымалдаулар 35 Байланыс 40 Баспа қызметi 35 Халық шаруашылығы басқа салаларының өнiмдерi (жабдықтау-өткізу ұйымдары, көтерме, көтерме-бөлшек және бөлшек сауда кәсiпорындарынан басқа) 25 --------------------------------------------------------------------- Егер өнiмнiң өзiндiк құнының үлес салмағындағы сатып алынған материалдар, жартылай фабрикаттар мен құрастырушы бұйымдар құны 85 процент құрайтын болса, онда рентабельдiлiктiң шектi деңгейi 15 процент мөлшерiнде белгiленедi. Ескерту. Рентабельдiлiктiң көрсетiлген шектi деңгейлерi ескерiле отырып белгiленген өнiмдер бағалары оларды сату кезiнде Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |