|
|
|
Кеден комитетiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы Министрлер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 сәуірдегі № 357 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанынан Кеден комитетiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 1 сәуірдегі № 2160 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Кеден комитетi (бұдан әрi - кеден комитетi) және оған тiкелей бағынысты облыстардағы Алматы және Ленинск қалаларындағы басқармалар, сондай-ақ кедендер, облыстық бағыныстағы аудандар мен қалалардағы кеден бекеттерi Қазақстан Республикасы кеден органдарының бiрыңғай жүйесiн құрайды және республикалық бюджет есебiнен ұсталынады деп белгiленсiн. ЕСКЕРТУ. Атауынан және 1-тармақтан сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.№ 1031 қаулысымен. 2. Кеден комитетi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң таратылған Бас кеден басқармасының құқықтық мұрагерi болып саналсын. Кеден органдары қызметкерлерiне еңбек ақы төлеу және материалдық ынталандырудың бұрынғы тәртібі мен шарттары сақталсын (4 қосымшалар). ЕСКЕРТУ. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20. № 1033 қаулысымен. 3. Кеден комитетi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігімен, Қаржы министрлігімен Экономика министрлігімен келісілген Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетi туралы ереженiң жобасын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің бекітуiне ұсынсын. 4. Кеден комитетiнiң кеден органдары қызметкерлерiнiң жалпы саны 6333 адам, оның iшiнде: Кеден комитетiнiң орталық аппараты - 230 адам (ғимаратты күзететiн және оған қызмет көрсететiн қызметкерлердi қоспағанда); Кеден комитетiнiң кеден органдары - 6103 адам болып белгiленсiн. 5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң: орталық аппарат қызметкерлерiнiң саны 165 адамға; кеден органдары қызметкерлерiнiң саны 6633 адамға қысқартылсын. 6. ЕСКЕРТУ. 6-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.08.20. № 1033 қаулысымен. 7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кеден комитетiн ұстауға қажеттi қаражат бөлсiн. 8. Кеден комитетi орталық аппаратының құрылымы бекітілсiн (5 қосымша). 9. Кеден комитетiне Төрағаның 4 орынбасары, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары, сондай-ақ құрамында 9 адам бар алқасы болуына рұқсат етiлсiн. 10. Кеден комитетi төрағасының лауазымы көлiктiк, медициналық және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайлары бойынша Қазақстан Республикасы министрiнiң лауазымына, ал Төраға орынбасарларының лауазымдары - министрдiң орынбасарларының лауазымына теңестiрiлсiн. Облыстар бойынша кеден басқармаларының бастықтары мен олардың орынбасарларына санаториялық-курорттық қызмет көрсету мемлекеттік басқару органдарының облыстық органдары басшыларына белгiленген шарттарға сай жүзеге асырылсын. 11. Кеден комитетiнiң орталық аппараты үшiн 9 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi, оның 7-i - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң қызметтiк автомобиль лимитiн қысқарту есебiнен белгiленсiн. 12. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кеден комитетiне белгiленген тәртiппен 7 жеңiл автомобиль беретiн болсын. 13. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Бас кеден басқармасы мекемелерiнiң басшы және жедел құрамының киiм нысандары туралы Ереже және нысандық киiм, аяқкиiм заттары мен жабдықтарын киiп және тағып жүру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 3 мамырдағы № 344 қаулысымен бекітілген Кеден комитетi қызметкерлерiне арналған нысандық киiм, аяқкиiмдi киiп жүрудiң және онымен қамтамасыз етудiң тәртібі мен ережелерi сақталсын. 14. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінiң таратылған Бас кеден басқармасының пайдалануында болған мүлiктер мен қызметтiк ғимаратты Кеден комитетiнiң балансына тегiн берсiн. 15. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi Алматы қаласы әкімінiң келiсуi бойынша екi ай мерзiм iшiнде оның орталық аппарат қызметкерлерiн орналастыру үшiн қосымша қызметтiк үй-жайларын бөлудi қамтамасыз етсiн және осы ғимараттарға iргелес жатқан аумақты басқа ұйымдар пайдалануға тиiс еместiгiн айқындасын. 16. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі Кеден комитетi кеден органдарының қызметкерлерiн шет елдерге қажеттi көлемде оқуға жiберсiн, оларды оқыту мен тәжiрибеден өткізу жоспарына енгiзетiн болсын. 17. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Кеден статистикасын жүргiзудiң бiрыңғай әдiстемесiне сәйкес кеден қызметiнiң автоматтандырылған жүйесiн құру және кеден статистикасын жүргiзу үшiн бюджетте қажеттi қаражат бөлудi көздесiн. 18. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігі, Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлігі, Еңбек министрлігі, Экономика министрлігі, Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi, Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитетi Кеден комитетiне қызметте пайдалану үшiн өздерi шығаратын нұсқамаларды, сiлтемелердi және нормативтiк сипаттағы басқа да ведомстволық актiлердi жiберiп отырсын. 19. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі мен Қаржы министрлігі Кеден комитетiне және оның жергiлiктi мекемелерiне тұрғын үйлер, қызметтiк үй-жайлары мен әлеуметтiк-тұрмыстық маңызы бар объектiлердi салуға жыл сайын қаражат бөлудi көздейтiн болсын. 20. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Кеден комитетiмен бiрлесiп, бiр ай мерзiм iшiнде Қазақтан Республикасы Министрлер Кабинетінің шешiмдерiн "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанынан Кеден комитетiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 1 сәуірдегі № 2160 Жарлығына сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 мамырдағы № 694 қаулысына 1 Қосымша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетiнiң орталық аппараты басшыларының, басшы қызметкерлерi мен мамандарының Лауазымдық жалақылары ----------------------------------------------------------------- Лауазымы | Айлық лауазымдық |жалақы(теңге есебiмен) ------------------------------------------------------------------ Комитет төрағасы 4200 Төрағаның бiрiншi орынбасары 4000 Төрағаның орынбасары 3700 Басқарма, дербес бөлiм бастығы кеңесшi 3400 Басқарма, дербес бөлiм бастығының орынбасары 3100 Басқарма iшіндегі бөлiм бастығы 2800 Төрағаның көмекшiсi 2650 Бас инспектор 2600 Басқарманың iшіндегі бөлiм бастығының орынбасары 2700 Жетекшi инспектор 2400 Аға инспектор 1900 Инспектор 1750 Ескерту. 1-шi қосымшаға өзгерту енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.07.11. № 948 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 мамырдағы № 694 қаулысына 2 Қосымша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетiнiң кеден мекемелерi басшыларының, басшы қызметкерлерiнiң, мамандары мен қызметкерлерiнiң Лауазымдық жалақылары -------------------------------------------------------------------- |Айлық лауазымдық жалақы | (теңге есебiмен) Лауазымы |------------------------------ |облыстық |Республика | басқа |кеден бас| шекарала- | кедендер |қармалары|рында орна-| | |ласқан ке- | | | дендер | -------------------------------------------------------------------- Кеден бастығы 3100 3000 2900 Облыстық кеден басқармасы бастығының бiрiншi орынбасары 2800 Облыстық кеден басқармасы бастығының орынбасары 2700 Кеден бекетiнiң бастығы 2500 2500 2500 Дербес бөлiм бастығы, бас бухгалтер 2300 2300 2300 Бөлiм (шаруашылық және басқа) бастығы 1900 1900 1900 Бас инспектор 1700 1700 1700 Аға инспектор 1500 1500 1500 Инспектор 1400 1400 1400 Архив, кеңсе меңгерушiлерi 1500 1250 1250 Шаруашылық, қойма меңгерушiлерi; кассир 1100 900 900 1 санаттағы машинка басушы 1100 1100 1100 II санаттағы машинка басушы, хатшы-машинка басушы 800 800 800 Iс қағазын жүргiзушi, архивариус 650 650 650 Ескерту. 2-шi қосымша толықтырылды - ҚРМК-нiң 1995.07.11. № 948 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 мамырдағы № 694 қаулысына 3 Қосымша ЕСКЕРТУ. 1,2,3-қосымшалар күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1996.08.20. № 1033 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетiнiң аппараты қызметшiлерiнiң Лауазымдық жалақылары -------------------------------------------------------------------- Лауазымы |Айлық лауазымдық жалақы | (теңге есебiмен) -------------------------------------------------------------------- Архив, кеңсе меңгерушiлерi 1500 Машинка басу бюросының, көшiру-көбейту бюросының меңгерушiлерi 1250 Шаруашылық қойма меңгерушiлерi - кассир 1100 Комендант 800 I санаттағы стенографияшы 1250 II санаттағы стенографияшы, I санаттағы машинка басушы 1100 II санаттағы машинка басушы, хатшы-машинка басушы 800 Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 мамырдағы № 694 қаулысына 4 Қосымша ЕСКЕРТУ. 4-қосымшаның атауынан сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1996.08.20. № 1031 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң жанындағы Кеден комитетiнiң кеден органдары қызметкерлерiнiң дербес атақтары бойынша Жалақылары ----------------------------------------------------------------- Дербес атағы |Дербес атағы бойынша |жалақы(теңге есебiмен) ----------------------------------------------------------------- Кеден қызметiнiң толық мемлекеттік кеңесшiсi 1900 Кеден қызметiнiң I дәрежелi мемлекеттік кеңесшiсi 1750 Кеден қызметiнiң II дәрежелi мемлекеттік кеңесшiсi 1630 Кеден қызметiнiң III дәрежелi мемлекеттік кеңесшiсi 1480 Кеден қызметiнiң I дәрежелi кеңесшiсi 1350 Кеден қызметiнiң II дәрежелi кеңесшiсi 1250 Кеден қызметiнiң III дәрежелi кеңесшiсi 1180 Кеден қызметiнiң I дәрежелi инспекторы 1080 Кеден қызметiнiң II дәрежелi инспекторы 1000 Кеден қызметiнiң III дәрежелi инспекторы 900 Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 мамырдағы № 694 қаулысына 5 Қосымша Ескерту. 5-шi қосымша күшiн жойған - ҚРМК-нiң 1995.08.29. № 1195 қаулысымен.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |