Азаматтардың өтiнiштерiн қарау тәртібі туралы Қазақстан Республикасы 2007.12.01. № 221-III ҚР Заңымен күші жойылды
1. «Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы» 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес және азаматтардың өтiнiштерiн жеке адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн жүзеге асыру мен қорғаудың, оларды мемлекеттік органдарда, сондай-ақ ұйымдарда қараудың бiрыңғай тәртібін белгiлеудiң маңызды құралы ретiнде айқындау мақсатында осы Жарлықты шығарамын. 1-бап. Азаматтардың өтiнiштерiн қарау тәртібі туралы заңдар Азаматтардың өтiнiштерiн қарау тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Жарлықпен, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарымен реттеледi. 2-бап. Өтiнiштердiң негiзгi түрлерi жөніндегі ұғым Осы Жарлықта пайдаланылатын ұғымдар мынаны бiлдiредi: 1. Ұсыныс дегенiмiз - қандай-да мемлекеттік органдардың сондай-ақ ұйымдардың (бұдан әрi - органдар) жұмысын жетiлдiрудiң қажеттiгiне назар аударуды олардың алдына қойылған мiндеттердi шешудiң нақтылы жолдары мен тәсiлдерiн ұсынуды мақсат етiп қоятын өтiнiш түрi. 2. Арыз дегенiмiз - азаматтардың органдарға немесе олардың басшылары мен өзге де лауазымды адамдарына (бұдан әрi - лауазымды адамдар) жолдаған ресми өтiнiшi, сол арқылы олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзумен байланысты емес субъективтiк құқықтары жүзеге асырылады. 3. Шағым дегенiмiз - азаматтардың құқықтарының бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуы, өтiнiштер бойынша қабылданған шешiмдердiң орындалмауы, лауазымды адамдардың жолсыз әрекеттерi туралы өтiнiшi. 4. Үн қосу дегенiмiз - азаматтар сол арқылы мемлекеттiң жүргiзiп отырған iшкi және сыртқы саясатына, сондай-ақ қоғамдық мәнi бар өзге де құбылыстар мен уақиғаларға өз көзқарасын бiлдiретiн өтiнiштiң түрi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|