|
|
|
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік iшкi су жолдары туралы (ҚР Үкіметінің 23.12.98 ж. № 1322 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 646 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Су кодексiн күшiне енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 31 наурыздағы № 2062 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік iшкi су жолдары туралы осыған қоса берiлген Ереже бекітілсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары
Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 21 желтоқсандағы № 1429 қаулысына Бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік iшкi су жолдары туралы ЕРЕЖЕ 1. Қазақстан Республикасының iшкi су жолдары айрықша оның меншiгiне жатады және жалпы пайдаланымдағы жолдар болып табылады. Қазақстан Республикасының Су кодексiне сәйкес табиғатты қорғау және су ресурстарын пайдалануды басқару органдарымен келісілген кеме қатынастары үшiн ашылған iшкi су жолдарының тiзбесi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлейдi. 2. Кемелер жүретiн iшкi су жолдары навигация кезеңiнiң белгiленген мерзiмiнде, меншiк нысаны мен бағыныштылығына қарамастан, кемелер жүзуiнiң толассыздығы мен қауiпсiздiгi гидротехникалық ғимараттардың /шлюздердiң/ жұмыс атқаруын, су жолдарын пайдалану кезiнде экологиялық талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге тиiс. 3. Қазақстан Республикасының iшкi су жолдарына кемелер жүргiзiлуiн басқаруды Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Су көлiгi департаментi, ал оларды ұстау мен пайдалануды су жолдарының мемлекеттік кәсiпорындары, солардың құрылымдық бөлiмшелерi жүзеге асырады. 4. Осы Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген мiндеттерге сәйкес су жолдарының мемлекеттік кәсiпорындары, олардың құрылымдық бөлiмшелерi мынадай функцияларды орындайды: су қорғау заңдарының талаптарын ескере отырып және табиғатты қорғаудың, су ресурстарын басқарудың мемлекеттік органдарымен, жергiлiктi атқарушы органдармен және басқа да арнайы уәкiлдiктi органдармен келiсу бойынша лайықталған сұлбалары мен кеме жүрiсiнiң тазалығын қамтамасыз ететiн су түбiн тереңдету, түзеу, арна тазалау, тралдау мен басқа да жұмыстарды атқарады; кеме жолдары мен кеме жүзу ғимараттарының навигациялық қоршауын ұстайды; кеме жолының жайы, жүзу мен гидрология жағдайлары туралы, кеме қатынасына әсер ететiн параметрлердiң өзгеруi жайында кеме жүргiзушiлердi хабардар етедi; кеме жүзу гидроғимараттарын /шлюздердi/ түзу қалпында ұстайды және олар арқылы кемелердiң өткiзiлуiн қамтамасыз етедi; қарауындағы iшкi кеме қатынасы жолдарына көпiрлер мен басқа ғимараттары бар шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң көпiр маңындағы учаскелерде және басқа ғимараттарда кеме жүзуiнiң жеткiлiктi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етушi навигациялық қоршау белгiлерiн ұстау жөніндегі талаптардың орындалуын бақылайды; ведомстволық және өндiрiстiк табиғатты қорғау бақылауын жүзеге асырады. 5. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Су көлiгi департаментi кеме жүзу мақсатына арналған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік кеме қатынасы су жолдарын пайдалануды реттеушi орган болып табылады. ҚР Үкіметінің 23.12.98 ж. № 1322 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді 6. Су жолдары мемлекеттік кәсiпорындарының, олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң: Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитетімен бiрлесе отырып, iшкi кеме қатынасы су жолдарында көпiрлер, су асты және су бетi өткелдерiн, су жиналымдарын, айлақтық құрылғылар мен басқа ғимараттарды жобалау мен салуға келiсудiң техникалық шарттарын беруге; табиғатты қорғау, су ресурстарының басқармасы органдарымен келiсе отырып, белгiленген тәртiппен жағалау алқабының бөлiнген учаскелердi навигациялық қоршау белгiлерiн орнату, олардың жақсы көрiнуi үшiн тоғайларды шабу, кемелердiң айлығы үшiн, жүктердi тиеп-түсiру үшiн құрылғыларды қондыру үшiн пайдалануға; жабдықтау бригадаларының қызметкерлерiне қызметтiк жәйлар салу үшiн, белгiлер мен құрал-саймандар сақтау үшiн, уақытша қыстап шығу жайларын салу үшiн жағалаудан тыс жерлерден белгiленген тәртiппен бөлiнген учаскелердi пайдалануға; қоршаған ортаның ластануын болдырмау жөнiнде бiрлесiп шаралар жасау мақсатында, кемелер апатқа ұшыраған немесе кездейсоқ қыстап шығуға мәжбүр болған кезде жүргiзiлетiн жұмыстар туралы табиғат қорғау органдарына хабарлауға; көлемi осы жолдың бөлiгiнде рұқсат етiлгеннен /құрамалардың ұзындығы мен енi, бату тереңдiгi, түбіндегі судың тиiстi қоры және т.б./ асып кететiн кемелер мен құрамалардың қозғалысына тыйым салуға; көлемi осы шлюз үшiн рұқсат етiлгеннен асып кететiн кемелердiң шлюз арқылы өтуiне жол бермеуге; жолдың белгiлi бiр учаскесiнде жүзу қауiпсiздiгiне қауiп төнген кезде кемелердiң қозғалысына тыйым салуға; Қазақстан Республикасының iшкi су жолдарын пайдаланудың тәртібін бұзған кеме иелерiнiң лицензиясын жою туралы, сондай-ақ заңдағы тәртiппен белгiленген басқа да жауапкершiлiк шаралары туралы Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Су көлiгi департаментiне ұсыныс енгізуге құқы бар. 7. Iшкi су жолдарының кәсiпорындары өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, қаулыларын және өкiмдерiн, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi мен Министрлер Кабинетінің қаулыларын, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң нормативтiк актілерін, осы Ереженi және мемлекетаралық келісімдерге сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында пәрмендi нормативтiк құжаттарды басшылыққа алады. 8. Iшкi су жолдарының қызметiн және жол шаруашылығы кәсiпорындарының өз мiндетiн атқаруын реттейтiн нұсқауларды, техникалық ережелер мен басқа да нормативтiк құжаттарды мемлекеттік экологиялық сараптаудан өткеннен кейiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрлігі бекiтедi. ҚР Үкіметінің 23.12.98 ж. № 1322 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді 9. Кеме жүретiн су қоймаларында құрылыс: көпiрлер, бөгеттер, су асты мен су бетi өткелдерiн, байланыс желiлерiн, электр желiлерi мен труба құбырларын, су iркуiштер, паром өткелдерiн, айлақтық құрылыс пен басқа да құрылғылар салуға, Қазақстан Республикасы Су кодексiнiң /20-бап/ талаптарын мiндеттi түрде орындаған кезде су жолдары мемлекеттік кәсiпорындарының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитетімен келісімi бойынша ғана рұқсат етiледi. 10. Қарауында көпiрлер, бөгеттер, iшкi су жолдарының басқа да құрылыстары бар шаруашылық жүргiзушi субъектiлер навигациялық қоршауды /тұрақты және жүзу белгiлерi/ және кемелердiң құрылыс маңайынан өтуiнiң қауiпсiздiгiн, бекітілген ережелерге сәйкес су қоймаларынан су өткiзудi өз есебiнен қамтамасыз етуге, табиғат қорғау органдарымен келiсе отырып, құрылыс маңайында су түбiн тереңдету мен тазарту жұмыстарын жүргiзуге, iшкi су жолдары бойынша жүзу ережелерiне сәйкес, қалқымалы көпiрлердiң астынан кеме жүретiн аралық жол ашуға /кеме иелерiнен қандай да бiр ақы алмай/ мiндеттi. ҚР Үкіметінің 23.12.98 ж. № 1322 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді 11. Кеме жүзуiнiң шарты бойынша су бассейндерiнiң разрядын белгiлейдi. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар Министрлiктiң Көліктік бақылау комитеті жүргiзедi. ҚР Үкіметінің 23.12.98 ж. № 1322 қаулысымен 12-тармақ алып тасталды 12. 13. Мемлекеттік iшкi су жолдары бойынша теңiз және өзен көлiгiмен жүктердi әрi жолаушыларды тасымалдау жөніндегі коммерциялық-кәсiпкерлiк қызмет, қарауында кемелер бар шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі меншiк нысанына қарамастан беретiн лицензия бойынша жүзеге асырылады. 14. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Су көлiгiнiң департаментi су жолдарының мемлекеттік кәсiпорындарына iшкi су жолдарын алдағы жылы күтiп ұстауға төмендегi көрсетiлген тапсырмаларды белгiлейдi: су жолдарының ұзындығы; олардағы кеме жүрiсiнiң ауқымы /тереңдiгi, енi, айналу радиусы/; навигациялық қоршаудың санаты /жарық берiлген, жарық қайтаратын, жарық бермеген/; навигациялық қоршау мен кеме жүрiсiнiң гидротехникалық құрылысын бастаған және аяқтаған күндер. 15. Iшкi су жолдары, кеме жүру шлюздары мемлекеттік кәсiпорындардың, Кеме қатынасы мен теңiзде жүзу қауiпсiздiгi Бас инспекциясының қызметi республикалық бюджеттен қаржыландырылады. 16. Транзиттiк кеме қатынасы мен ортақ пайдаланымдағы айлақтардағы өндiрiстiк тапсырма шегіндегі жұмыстар ғана республикалық бюджет қаражатының есебiнен орындалады. Басқа барлық жұмыстар мен қызмет көрсетулердi, сондай-ақ тапсырмада көрсетiлген, бiрақ онда белгiленген мерзiм немесе параметр шеңберiнен басқа жұмыстар мен қызмет көрсетулердi меншiк нысанына қарамастан, мүдделi заңды ұйым мен жеке адамдардың өтiнiмi бойынша, шарттық негiзде және солардың есебiнен су жолдарының мемлекеттік кәсiпорындары орындайды. 17. Бiр облыс шегіндегі тасымалдауды жүзеге асыратын су жолдарына қызмет көрсетушi кәсiпорындар осы облыстың жергiлiктi бюджетi есебiнен ұсталуы мүмкiн. Бұл жағдайдағы қаржыландырудың мөлшерiн Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Су көлiгi департаментi жалпы тәртiппен берген өндiрiстiк тапсырма негiзiнде жергiлiктi атқару органдары айқындайды. 18. Iшкi су жолдарының мемлекеттік кәсiпорындары мен олардың құрылымдық бөлiмшелерi су жолдарының барлық белгiленген параметрлерi бойынша, өндiрiстiк тапсырмалардың толық, әрi сапалы орындалуына, бюджет қаражатының тиiмдi және нысаналы пайдаланылуына жауап бередi. Бөлiнген бюджет қаражатының нысаналы пайдаланылуына бақылауды Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Су көлiгi департаментi, сондай-ақ қаржыны бақылау органдары жүзеге асырады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |