|
|
|
Баспасөз шығармаларының тексеру және мiндеттi даналарын жiберу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Полиграфия кәсiпорнына, сондай-ақ көбейткiш аппараттары бар (бұдан әрi "полиграфия кәсiпорындары" деп аталады) мекемелер мен ұйымдарына өздерi әзiрлеген құпия емес баспасөз шығармаларының тексеру даналарын басылымдарды жарыққа шығаруға рәсiмдеуге дейiн қосымшаға сәйкес тегiн жiберу мiндеттелсiн. Қызмет бабындағы басылымдар мен материалдар, қатаң есеп беру құжаттары және осыларға теңестiрiлген материалдар жiберуге жатпайды. 2. Республикалық "Қазақкiтап" бiрлестiгi республикалық баспалар мен полиграфия кәсiпорындары шығаратын баспа өнiмдерiнiң мiндеттi ақылы даналарымен республика кiтапханаларының олардың толықтыру үшiн кiтапхана коллекторларын қамтамасыз ететiн болсын. 3. Республикалық баспаларға және басылым шығаратын бұйымдарға өздерiнiң тапсырыстары бойынша шет елдерде басылған баспасөз шығармаларының тегiн берiлетiн тексеру даналары мен ақылы берiлетiн мiндеттi даналарын осы өкiмнiң 1 және 2 тармақтарында көзделген тәртiпте мекемелер мен ұйымдарға жеткiзiп беру мiндеттелсiн. 4. Полиграфия кәсiпорындары мен баспалар баспасөз шығармаларын ұзақ мерзiмге сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiтап палатасына жiберiлетiн кiтаптардың тексеру даналарын полиграфиялық үлгiлi сапада орындап басып шығаратын болсын. 5. Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігіне баспасөз шығармаларының тегiн берiлетiн тексеру даналарын жiберу және пайдалану тәртібін сақтауды бақылау жүктелсiн. 6. Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1987 жылдың 3 желтоқсанындағы № 533 "КСРО Министрлер Кеңесiнiң 1987 жылдың 30 қазанындағы № 1228 "Баспасөз шығармаларының тексеру және мiндеттi даналарын жiберу тәртібін одан әрi жетiлдiру туралы" қаулысын жүзеге асыру туралы" қаулысы; Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1989 жылдың 20 ақпанындағы № 69 "Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1987 жылдың 3 желтоқсанындағы № 533 "КСРО Министрлер Кеңесiнiң 1987 жылдың 30 қазанындағы № 1228 "Баспасөз шығармаларының тексеру және мiндеттi даналарын жiберу тәртібін одан әрi жетiлдiру туралы" қаулысын жүзеге асыру туралы қаулысына iшiнара өзгерістер енгізу туралы" қаулысы күшiн жойды деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 22 маусымдағы № 548 қаулысына Қосымша Құпия емес баспасөз шығармаларының тегiн тексеру даналары жiберiлетiн министрлiктердiң, ведомстволардың, мекемелер мен ұйымдардың Тiзiмi -------------------------------------------------------------------- | Баспасөз өнiмдерiнiң |Даналар | түрлерi | саны -------------------------------------------------------------------- 1 2 3 -------------------------------------------------------------------- Қазақстан Республикасы барлық тiлдегi кiтаптар, Президентінің және Министрлер альбомдар, кiтапшалар, 3 Кабинетінің Аппараты альманахтар, журналдар,респуб. ликааралық, республикалық және облыстық газеттер Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1 Қазақстан Республикасының аз таралымды, қызмет бабындағы Баспасөз және бұқаралық басылымдардан басқа барлық ақпарат министрлігі кiтап басылымдары, кiтапшалар сондай-ақ Баспасөз заңына сәйкес берiлетiнiне қарамастан республикааралық, республикалық 2 газеттер мен журналдар Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының тер.- Әдiлет министрлігі риториясында орналасқан қоғам.- дық және дiни бiрлестiктер шығаратын барлық кiтап басылым.- 1 дары, кiтапшалар, буклеттер, газеттер мен журналдар Қазақстан Республикасының барлық тiлдегi кiтаптар, альбом.- Мемлекеттік кiтап палатасы дар мен олардың екiншi таралымы, 1 оқулықтар, барлық мерзiмдiк басылымдар, сондай-ақ қызмет құжаттарынан (бұйрықтар, нұсқаулар) басқа қызмет бабына байланысты таратуға арналған басылымдар Қазақстан Республикасының құлақтандыру мен екiншi таралым- Ұлттық кiтапханасы дағы, сондай-ақ ұсақ-түйек баспа 1 өнiмдерiнен, қызмет бабына бай.- ланысты басылымдардың өзге басылымдардың барлығы Республикалық кiтап музейi Қазақстан Республикасы территория.- сында орналасқан полиграфия кәсiп.- орындары шығарған барлық кiтаптар, 1 кiтапшалар, альбомдар, буклеттер, открыткалар, плакаттар БҰҰ жанындағы Қазақстан "Егемендi Қазақстан","Казахстанская 1 Республикасының Тұрақты правда" газеттерi уәкiлдiгi Қазақстан Республикасының 1 Москвадағы Өкiлеттi уәкiлдiгi "Кiтап палатасы" ғылыми- бүкiл кiтаптар, альбомдар, кiтап.- өндiрiстiк бiрлестiгi шалар, альманахтар, журналдар, 1 (Москва) республикааралық, республикалық газеттер Халық депутаттары облыстық осы облыс территориясында шығатын Кеңестерi облыстық, қалалық, аудандық және 1 көп таралымды газеттер Республикалық баспалар осы баспа шығаратын барлық 6 басылымдар Баспасөз туралы заңдылықты осы облыс территориясындағы сақтауды бақылау жөніндегі полиграфия кәсiпорындары шығаратын 1 облыстық инспекциялар барлық басылымдар, ұсақ-түйек баспа өнiмдерiнен, "қызмет бабында пайдалану үшiн" деген белгiсi бар қызмет материалдары мен басылым.- дарынан басқасы Облыстық әдiлет басқармалары осы облыс территориясында орналасқан қоғамдық және дiни 1 бiрлестiктердiң барлық басылымдары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |