|
|
|
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Кеден қызметi қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 сәуірдегі № 357 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында жалақыны өсiру және бағаны реттеу туралы" 1992 жылғы 25 сәуірдегі № 730 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеден қызметi қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары № 1,2 қосымшаларға сәйкес бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігіне Қазақстан Республикасының Кеден комитетiмен бiрлесiп, кеден мекемелерiн еңбек ақы төлеу жөнiнен топтарға жатқызу көрсеткiштерiн әзiрлеп, бекіту тапсырылсын. 3. Қазақстан Республикасының Президентi "Қазақстан Республикасында жалақыны өсiру және бағаны реттеу туралы" 1992 жылғы 25 сәуірдегі № 730 Жарлығымен бюджеттік қаржыландырудағы мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлерiне еңбек ақы төлеудiң, үстемақы, қосымша, сыйлық және ынталандыру мен өтем сипатындағы басқа да төлемдер мөлшерiн қоса, қолданылып жүрген басқа да шарттарын сақтап қалғаны еске алынсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |