|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 13 мамырдағы № 591 қаулысына Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: "Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 13 мамырдағы № 591 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 21, 182-бап) мынадай өзгертулер енгiзiлсiн: 1-тармақтың үшiншi абзацы алынып тасталсын; 3-тармақтың күшi жойылған деп танылсын; 4-тармақтағы "Министрлiктер, мемлекеттік комитеттер, ведомстволар, облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi" деген сөздер алынып тасталсын. Аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 1996-1998 жылдарға арналған жалпыға бiрдей құқықтық оқудың кешендi бағдарламасындағы: 28 рет нөмiрi алынып тасталсын; 29 рет нөмiрiнiң 2 бағанындағы "министрлiктер, мемлекеттік комитеттер, ведомстволар және олардың аумақтық органдары аппараттарының лауазымды тұлғалары мен мамандарын, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң әкiмдерiн" деген сөздер алынып тасталсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |