Еркін сауда аймағын құру туралы
2011 ж. 18 қазандағы еркін сауда аймағы туралы шарт күшіне енгеніне байланысты күші жойылды
ҚР Үкіметінің 1994 жылғы 10 қарашадағы № 231 қаулысымен бекітілді
Бұдан әрi Уағдаласушы Тараптар деп аталатын осы Келісімге қатысушы мемлекеттер, өзара экономикалық ынтымақтастықты еркiн дамытуға өз ықтиярын растай отырып, iс-тәжiрибеге нарықтық экономиканың принциптерiн енгiзе отырып, Мәскеу қаласында жасалған, 1993 жылғы 24 қыркүйектегi Экономикалық одақты құру туралы шарттың ережелерiн дәйектi iске асыру бағытында iс-қимыл жасай отырып, тауарлар мен қызмет көрсетулердiң еркiн қозғалысы үшiн жағдайларды қалыптастыра отырып, өзара сауданың тепе-теңдiгiн және қатысушы мемлекеттердiң iшкi экономикалық жағдайын тұрақтандыруды қамтамасыз ете отырып, өзара пайдалы кооперациялық байланыстар мен ынтымақтастықты дамыту негiзiнде қатысушы мемлекеттердiң экономикалық әлеуетiнiң өсуiне жәрдемдесе отырып, өз мемлекеттерi халықтарының тiршiлiк деңгейiн ұдайы арттыруға ұмтылысын басшылыққа ала отырып, Экономикалық одақты құрудың кезең-кезеңдiлiгiн негiзге ала отырып, бұдан әрi Келісім деп аталатын еркiн сауда аймағын құру туралы келісімге кiре отырып, мына төмендегiлер жөнiнде келiстi: Жалпы ережелер 1. Уағдаласушы Тараптар осы Келісімнің мақсаттарына қол жеткізу үшiн еркін сауда аймағын құрудың нақты міндеттердi шешуде өзара iс-қимыл жасауды қамтамасыз етедi, олар: кедендік баждарды, сондай-ақ баламалық әсері бар салықтар мен салымдарды және сандық шектеулердi жоюды; тауарлар мен қызмет көрсетулердің еркiн Қозғалысы үшiн басқа да кедергiлердi жоюға; сауда және басқа да операциялар бойынша өзара есеп айырысулар мен төлемдердiң тиiмдi жүйесiн құруға және дамытуға; өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, көлiк, қаржы, инвестиция, әлеуметтік салада осы Келісiмнiң мақсаттарына қол жеткізу үшiн сауда-экономикалық саясат жүргiзудегі, сондай-ақ адал бәсекенi және т.б дамытудағы ынтымақтастық; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|