Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы (2015.16.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР 05.07.00 ж. № 73-II Заңымен бекітілді
Бұдан әрі тиісінше жалға беруші және Жалға алушы немесе Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мен жалдау және Приозерск қаласының тіршілік-тынысын қамтамасыз ету шарттары туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Келісімді (бұдан әрі - Келісім) негізге ала отырып, Сарышаған сынақ полигонын (бұдан әрі - Полигон) эксперименттік-сынау және әлеуметтік-мәдени әлеуеті мен инфрақұрылымын сақтау, пайдалану және дамытудағы өзара мүдделілікті ескере отырып, Тараптардың мүдделерін ескеріп, Полигонды жалдау және пайдалану кезіндегі Жалға беруші мен Жалға алушының құқықтары мен міндеттерін шарттық реттеулердің қажеттілігін негізге алып, төмендегілер туралы осы шартты жасады: Осы Шарттың мәні Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінiң арасындағы Қазақстан Республикасының жер учаскелерiн және жалға алу шартымен Ресей Федерациясына ұсынған жылжымалы және жылжымайтын мүлкін пайдалануға байланысты қарым-қатынастар болып табылады. Тараптар осы Шартты жүзеге асыру мақсатында оған қол қойылғаннан кейiнгi бiр ай мерзiм iшiнде өкiлеттi органдар құрады. Осы Шартта Келісімде айқындалған терминдер пайдаланылады. Қазақстан Республикасының Үкіметі өзi өкiлеттендiрген органдар атынан осы Шартқа қол қойылған күннен бастап екi айлық мерзiмде Ресей Федерациясының Үкіметіне ол өкiлеттендiрген органдардың атына Полигонды жалға бередi. Жер учаскелерiн және жалға беру шарттарымен жылжымалы және жылжымайтын мүлiктi берудi келісілген ведомостарға сәйкес, Тараптардың өкiлеттi органдары жүзеге асырады. Жалдауға қабылданбайтын объектiлер мен мүлікке, Жалға алушы Жалға берушiге олардың пайдалануы мен жөнделуiн қамтамасыз ететiн көлемде техникалық құжаттама жинақтарының көшiрмелерiн бередi.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|