|
|
|
Мемлекеттің ауыл шаруашылығының нарықтық инфрақұрылымын дамытуға Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету, машина-технологиялық станциялардың, ауыл шаруашылығы техникасын жалға беру пункттерінің желілерін дамыту мақсатында, сондай-ақ көтерме азық-түлік рыноктары жүйелерін ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамына екінші деңгейдегі уәкілетті банктермен бірлесіп Азия Даму Банкінің ауыл шаруашылығы секторына арналған Бағдарламалық займының екінші траншының қаражатынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісім бойынша құрылатын машина-технологиялық станциялардың желілері мен көтерме азық-түлік рыноктарының жүйелері үшін жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға және айналымдық қаражатты толықтыруға несиелер беру ұсынылсын. 2. Облыстардың әкімдері машина-технологиялық станциялар желілерін құру және оларды реттеу, сондай-ақ көтерме азық-түлік рыноктары жүйелерін қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырсын. 3. "Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкінің Бағдарламалық займын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы наурыздың 17-сіндегі № 227 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулыға 2-қосымшада: 1-тармақтағы "ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу" деген сөздерден кейін "машина-технологиялық станциялар үшін ауыл шаруашылығы техникалары, көтерме азық-түлік рыноктарының және ауыл шаруашылығы өнімдерін сатуға арналған басқа да рыноктық инфрақұрылымдардың жүйелерін құру" деген сөздермен толықтырылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |