|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкiмшi-мекемелерiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1335 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: 1) аталған қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын орталық атқарушы органдар әкiмшiлiк ететiн бағдарламалар мен кiшi бағдарламалардың тiзбесiне: 608 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөнiндегі агенттiгi" бөлiмi мынадай мазмұндағы 10-бағдарламамен және 30-кiшi бағдарламамен толықтырылсын: "10 Кадрларды республикалық деңгейде қайта даярлау 30 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы"; 2) Республикалық бағдарламаларды орындайтын, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ аталған қаулымен бекітілген, заңға сәйкес мемлекеттік мекемелерге қайта тiркеуге жататын мекемелер тiзбесi: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөнiндегі агенттiгi" реттiк нөмiрi 29-жол, мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 1-жолмен толықтырылсын: "1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |