|
|
|
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік авиациялық регистрі» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері (2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн және авиация қызметiн пайдалану туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік авиациялық регистрi» мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мемавиарегистр) таратылсын. Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлігі заңдарда белгiленген тәртiппен Мемавиарегистрдi таратуды жүргізсiн. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациялық регистрi», «Қазақстан Республикасы көлiк-коммуникациялар кешенiнiң Ақпараттық- презентация орталығы» мемлекеттік мекемелерiн қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 наурыздағы № 234 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., № 9, 67-құжат): қаулының атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы көлiк-коммуникациялар кешенiнiң Ақпараттық-презентация орталығы мемлекеттік мекемесiн» қайта ұйымдастыру туралы»; 1-тармақта: «мемлекеттік мекемелер» деген сөздер «мемлелеттiк мекеме» деген сөздермен ауыстырылсын; 1) тармақша алынып тасталсын; 2-тармақта: «кәсіпорындар» деген сөз «кәсіпорын» деген сөзбен ауыстырылсын; «оларға» деген сөз «оған» деген сөзбен ауыстырылсын; 3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) Кәсіпорынның жарғысы бекітілсін, оның қызметінің негізгі түрлері мыналар деп көзделсін: магистральды көлік, жол шаруашылығы телекоммуникациялық байланыс және почта аясындағы қызметтерді жүзеге асыру»; 3-тармақтың 2) тармақшасындағы «кәсіпорындардың» деген сөз «кәсіпорынның» деген сөзбен ауыстырылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |