Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының ҚР Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына сәйкес осы Өкімнің күші жойылды Мемлекеттің кадр саясатын жүзеге асыру тетігін жетілдіру мақсатында: 1. Қазақстан Республикасы орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының басшы лауазымды адамдарын қызметке келісу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату туралы ереже бекітілсін (қоса беріліп отыр). 2. "Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының басшы лауазымды адамдарын қызметке келісу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 19 наурыздағы № 3874 өкімінің (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 9, 57-құжат) күші жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 қарашадағы № 87 өкіміне қосымша Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының басшы лауазымды адамдарын қызметке келісу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату тәртібі туралы ЕРЕЖЕ Орталық мемлекеттік органдардың басшы лауазымды адамдары мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері бойынша 1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен тағайындалатын орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшы лауазымды адамдарын тағайындау немесе босату туралы ұсыныстарды Республика Премьер-Министрі (Үкімет мүшелері, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері бойынша), Республика Президенті Әкімшілігінің Басшысы (Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар басшылары бойынша) ұсынылып отырған тағайындаудың немесе босатудың себептері мен дәлелдерін көрсете отырып, Мемлекет басшысының қарауына жазбаша енгізеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|