|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 57, 551-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулыға 2-қосымшада: Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін: Соппекова - Қазақстан Республикасының Сәуле Байболқызы Премьер-Министрінің Кеңесі Аймақтық даму және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісінің орынбасары; Ермекбаев - Қазақстан Республикасының Пернехан Әшімбайұлы Қорғаныс министрлігі Әскери-ғылыми орталығының бастығы; Омарова - Қазақстан Республикасы Мәриям Нұрғалиқызы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің төрайымы. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |