|
|
|
ҚР Үкіметінің 2019.24.06. № 429 Қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын құру
1. Жалпы ережелер 1. Мемлекеттік оқ-гильза қоймасы ойықты жауынгерлiк қол атыс, азаматтық және қызметтiк атыс қаруынан атылған оқтар мен гильзалардың коллекциясы негiзiнде құрылады. 2. Қазақстан Республикасының аумағында айналымда жүрген ойық ұңғылы атыс қаруынан, жауынгерлiк қол атыс қаруынан, азаматтық және қызметтiк қарудан бақылау ретiнде ату қару жоғалғанда (ұрланғанда) оларды уақытылы Қазақстан Республикасы Ішкiiсминiнiң Криминалистикалық оқ-гильза қоймасында есепке қою, сондай-ақ оларды қолдану арқылы жасалған қылмыстарды ашу мақсатында жүргiзiледi. Ойықты азаматтық және қызметтiк атыс қаруының оқтары мен гильзаларының коллекциялары олар тексеру ретiнде атылғаннан кейiн Астана қаласы IIБ, Алматы қаласы IIББ, облыстардағы IIББ, IIБ, көлiктегi IIБ қару-жарақ қызметтерiнде сақталады, Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрамалар, арнаулы органдар пайдаланатын жауынгерлiк ойықты қол атыс қаруының оқтары мен гильзаларының коллекциялары, тексеру ретiнде атылғаннан кейiн, олардың қару-жарақ қызметтерiнде сақталады. 2. Қарулануында ойықты атыс қаруы бар, қызметтiк қаруды пайдаланумен және қолданумен байланысты функциялар жүктелген Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлердiң және әскери құрамалардың, арнаулы органдар мен ұйымдардың (ерекше жарғылық мiндеттерi бар заңды тұлғалар) негiзгi мiндеттерi мен функциялары 3. Ойық ұңғылы атыс қаруының бақылаудағы оқтары мен гильзаларының есебiн жүргiзу. 4. Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң Криминалистикалық оқ-гильза қоймасы бойынша тексеру және есепке қою үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Iшкiiсминi Криминалистикалық оқ-гильза қоймасының жазбаша сұрау салуы бойынша жоғалған (ұрланған) қарудың бақылаудағы оқтарын ұсыну. 5. Қарудың қозғалысын бақылауды жүзеге асыру. 6. Қазақстан Республикасының Iшкіiсминi Криминалистикалық оқ-гильза қоймасының ақпараттық-анықтамалық және заттай коллекцияларын жасауға қатысу. 7. Азаматтық, қызметтiк және жауынгерлiк ойықты қол атыс қаруының бақылаудағы оқтары мен гильзалары коллекцияның объектiлерi болып табылады. 1) калибрi 11,56 мм-ден асатын ойықты атыс қаруының; 2) оқтар мен гильзалардағы қарудың сапалы тәжiрибелiк iздерiн алу мүмкiн болмаған жағдайда қатты тоттанған iз құраушы бөлшектерi бар атыс қаруының; 3) аңшылық тегiс ұңғылы атыс қаруының; 4) пневматикалық және газды қарудың оқтары мен гильзалары орналастырылмайды. 9. Оқ-дәрiлердi бөлудi, қаруды тексеру өткiзiлетiн жерге тасымалдауды Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың, арнаулы органдардың қару-жарақ қызметтерi немесе ойық ұңғылы қаруды пайдаланумен және қолданумен байланысты мiндеттер жүктелген ұйымдардың қаруды сақтау мен пайдалануға жауапты қызметтерi жүргiзедi. 10. Қарудан ату тирлерде немесе арнайы жабдықталған орындарда, сапалы тәжiрибелiк материал алуды қамтамасыз ететiн, оқ пен гильза ұстағыштармен арнайы жабдықталған жерлерде жүргiзiледi. 11. Қарудан ату кезiнде бақылау оқтары мен гильзаларының қарудың басқа даналарынан атылған бақылау оқтарымен және гильзаларымен ауысып кетудiң мүмкiндiгi толық жайылуы тиiс. 12. Ату алдында қару зауыттық және консервациялаушы майларынан тазартылады, оның ұңғысы мен патрон тiреуiшi мұқият сүртiледi. 13. Қарудың әрбiр данасынан кемiнде 3 оқ пен 3 гильза, ал тегiс ұңғылы ұңғыларда ойықты "қондырмалары", алмалы-салмалы ұңғылар болған жағдайда әрбiр ұңғыны пайдалана отырып, үш-үштен бақылау оқтары мен гильзаларын алу қажет. 14. Револьверлерден атқанда оқжатардың (барабанның) әрбiр камерасынан екi-екiден бақылау оқтары мен гильзалар алу қажет. Револьверлер алдымен қабықшақты, содан кейiн қорғасын оқтармен жарақталған патрондармен атылады. Автоматтардан, пулеметтерден ату аударғыш жеке ату қалпында тұрған жағдайда жүргiзiледi. 15. Қарудың әрбiр данасы атылғаннан кейiн оқтар мен гильзалардың сериялары жекелеген берiк полиэтилен пакеттерге салынады, бұл ретте әрбiр оқ пен гильзадағы қару iзi түрiнiң өзгерiске ұшырауын болдырмау үшiн олар жеке жұмсақ қағазға (мақтаға) оралады. Пакеттiң iшiнде аумақтық iшкi iстер органы, қарудың түрi, моделі, сериясы, нөмiрi мен шығарылған жылы, иесiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты, ату күнi көрсетiлген жапсырма жапсырылады. Жапсырмадағы жазулар баспа қондырғымен (басу машинкасы, принтер және т.б.) орындалып, "Пакет үшiн" деген бедерi бар мөрмен куәландырылады, содан кейiн пакет толық бiтеледi. 16. Ойық ұңғылы атыс қаруы төрт жылда бiр рет атылады. 17. Қарудан тексеру ретiнде атулар комиссиялық тәртiппен Қарулы Күштердiң, басқа әскерлер мен әскери құрамалардың, арнаулы органдардың қару-жарақ қызметiнiң қызметкерi немесе қызметтiк қаруды пайдаланумен және қолданумен байланысты Функциялар жүктелген ұйымның қаруды сақтау мен пайдалануға жауапты адамы қатысатын құрамда жүргiзiледi. 18. Қарудан тексеру ретiнде атудың нәтижелерi хаттама арқылы екi данада ресiмделедi. Хаттаманың бiр данасы қару-жарақ қызметiнде сақтауға қалдырылады, екiншiсi қаруды атуға ұсынған бөлiмшеге немесе ұйымға жiберiледi. 4. Оқтар мен гильзалардың коллекцияларына қойылатын талаптар 19. Ойықты атыс қаруы жоғалғанда (ұрланғанда) коллекцияның жүргiзiлуiне жауапты адам бiр тәулiк мерзiмде Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң Криминалистикалық оқ-гильза қоймасына хабарлайды және сол қарудың бақылаудағы оқтары мен гильзаларының жөнелтiлуiн ұйымдастырады. 20. Бақылаудағы оқтар мен гильзалардың коллекциялары баллистикалық объектiлердiң автоматтандырылған ақпараттық-iздеу жүйелерiмен жарақталуы тиiс. 21. Автоматтандырылған ақпараттық-iздеу жүйелерi Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң Криминалистикалық оқ-гильза қоймасы қоятын талаптарға сәйкес болуы керек. 22. Қазақстан Республикасының Iшкiiсминi Криминалистикалық оқ-гильза қоймасының тарапынан жазбаша сұрау салынған жағдайда бақылаудағы оқтар мен гильзалар, сондай-ақ автоматтандырылған ақпараттық-iздеу жүйелерiнiң магниттiк көздердегi жазбалары сұрау салушы тарапқа үш күндiк мерзiмде берiледi. 23. Бақылау оқтары мен гильзаларының коллекцияларында коллекцияға алынған бақылаудағы оқтары мен гильзаларын тiркеу журналы (нысан) және бақылау карточкалары (нысан) жүргiзiледi. 5. Объектiлердi Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң Криминалистикалық оқ-гильза қоймасына ұсынудың тәртібі 1. Жауынгерлік, қызметтік және азаматтық қару жоғалған (ұрланған) жағдайда 24. Жоғалған (ұрланған) азаматтық, қызметтiк және жауынгерлiк қол атыс қаруының бақылаудағы оқтары мен гильзалары үш күндiк мерзiмде Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң Криминалистикалық оқ-гильза қоймасына тексеруге жiберiледi. 25. Бақылаудағы оқтар мен гильзалар Қазақстан Республикасы Iшкiiсминінiң Криминалистикалық оқ-гильза қоймасында қарудың табылғандығы туралы хабарлама алынған күннен бастап бiр жыл бойы сақталады, содан соң белгiленген тәртiппен жойылады. 26. Тексерудің нәтижелерi бастамашыға және қажет болған жағдайда мүдделi қызметтерге хабарланады (нысан). 2. Ойықты атыс қаруы табылған (алынып қойылған) және ерiктi түрде тапсырылған жағдайда 27. Ойықты ұңғысы бар атыс қаруы табылғанда (алынып қойылғанда) және ерiктi түрде тапсырылғанда қару-жарақ қызметi атуға жарамдылығы мен ату қауiпсiздiгiн анықтау мақсатында қаруды және оның iз құраушы бөлшектерiн 3 күндiк мерзiмде қарайды, содан соң тәжiрибелiк оқтар мен гильзалардан ату жүргiзiп, оларды одан әрi Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң Криминалистикалық оқ-гильза қоймасына iлеспе хатпен (нысан) жолдайды. 28. Қарудың әрбiр данасынан кемiнде 3 оқ пен 3 гильза, ал ауыспалы оқжатарлар болған жағдайда - әрбiр оқжатарды пайдалану арқылы тәжiрибелiк материал алынуы қажет. Револьверлерден ату жүргiзiлген кезде тәжiрибелiк оқтар мен гильзалар барабанның барлық камераларынан алынуы тиiс. Револьверлердi ату алдымен қабықшақты, содан кейiн қорғасын оқтармен жарақталған патрондармен жүргiзiледi. Автоматтар мен пулеметтерден ату аударғышты жеке ату қалпында жүргiзiледi. Қару мен iз құраушы бөлшектер қайта жасалған жағдайларда қару тәжiрибелiк ату жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң Криминалистикалық оқ-гильза қоймасына жiберiледi. 29. Жарамсыз қару сынып қалған бөлшектерiн ауыстыру немесе жоқ бөлшектерiн толықтыру мүмкiн болған жағдайда атылады. Тәжiрибелiк ату үшiн қару бөлшектерiн ауыстыру, мiндеттi түрде ілеспе хатта көрсетiледi. 30. Атылған атыс қаруы Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң Криминалистикалық оқ-гильза қоймасы бойынша тексерудiң нәтижелерi туралы жауап алынғанға дейiн атуды жүргiзген қару-жарақ қызметiнде сақталады. Қажет болған жағдайларда Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң Криминалистикалық оқ-гильза қоймасы қаруды қосымша ату және зерттеу үшiн талап ете алады. 31. Қаруды оқ-гильза қоймасы бойынша тексерудiң нәтижелерi бастамашыға, сондай-ақ мүдделi органдарға анықтамамен хабарланады (нысан). 32. Тексерiлетiн қарудың нақты данасы қылмыс жасауда қолданудың фактiсi анықталған жағдайда Қазақстан Республикасы Ішкiiсминiнiң Криминалистикалық оқ-гильза қоймасы мүдделi органдарға дереу хабар бередi, оқ-гильза қоймасының жинағынан осы қылмыс бойынша объектiлердi алып қойып, оларды зерттеу немесе сараптама жүргiзудiң орны туралы мәселенi шешу үшiн бастамашыға жолдайды. 33. Бақылаудағы және тәжiрибелiк оқтар мен гильзалар Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң Криминалистикалық оқ-гильза қоймасында қарудың табылғандығы туралы хабарлама алынған күннен бастап бiр жыл бойы сақталады, содан соң белгiленген тәртiппен жойылады. 34. Коллекцияның объектiлерiн сақтауды ұйымдастыру олардың сенiмдi сақталуын және оған бөгде адамдардың енуiне жол бермеудi қамтамасыз етуге тиiс. 35. Белгiленген талаптарды орындау үшiн сақтаудың шарттары мен өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарына жауап беретiн құрғақ, жарық мөлшерi жеткiлiктi үй-жайлар бөлiнуi тиiс. Көрсетiлген үй-жайлар оңды жағдайда ұсталынуы тиiс, оларда желдеткiш қондырғылары болуы керек, сенiмдi күзетпен және күзет-өрт белгi беру құралдарымен қамтамасыз етiлуi тиiс. 36. Коллекцияның объектiлерiн сақтауға арналған үй-жайлар: 1) берiк iлмектерi бар қосарланған есiктермен (сыртқысы - темірмен қапталған, iшкiсi - шыбықтың жуандығы кемiнде 15 мм, торшаның көлемi 60 мм етiп торланған) жабдықталады, терезелерiне темір торлар орнатылады (үй-жай бiрiншi қабатта немесе жартылай жертөлелiк үй-жайда орналасса, терезелер, торлардан басқа, iшiнен бекітілетiн қақпақтармен жабдықталады); 2) шкафтармен жабдықталады және оларда тиiстi құжаттамалар (өртке қарсы қауiпсiздiк ережесi, iшкi жабдықтаудың тiзбесi) болуы тиiс. 37. Коллекцияның объектiлерi арнайы бейiмделген, жұмыстан тыс уақытта жабылып, мөрмен бекітілетiн шкафтарда сақталады. Объектiлердi сақтаудың тәсiлi олардың ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз етуi тиiс. 38. Атылған оқтар мен гильзалар хаттамамен бiрге мемлекеттік органдар мен олардың бөлiмшелерiнiң (Қарулы Күштердiң, басқа әскерлер мен әскери құрамалардың, арнаулы органдардың) қару-жарақ қызметтерiнде, ал қарулануында ойықты атыс қаруы бар, қызметтiк қаруды пайдаланумен және қолданумен байланысты функциялар жүктелген ұйымдардың (ерекше жарғылық мiндеттерi бар заңды тұлғалардың) ойықты азаматтық және қызметтiк атыс қаруынан атылған оқтар мен гильзалар Астана қаласы IIБ, Алматы қаласы IIББ, облыстардағы IIББ-IIБ, көлiктегi IIБ қару-жарақ қызметтерiнде сақтауға қалдырылады. 39. Жаңадан келiп түскен оқтармен және қарудың сол данасынан қайталап атылған гильзалармен ауыстыруға жататын оқтар мен гильзалар жарамсыз күйге келген оқ-дәрiлердi жою үшiн белгiленген ереже бойынша жойылады. 40. Қаруды тексерулiк атуының хаттамалары 8 жыл сақталады, содан соң белгiленген тәртiппен жойылады. 7. Объектiлердi коллекциялардан алып қою 41. Оқтар мен гильзалар коллекциялардан: 1) төрт жылда бiр рет - тексеру атулары кезiнде оқтар мен гильзаларды ауыстырған жағдайда; 2) қаруды жойған кезде алынып қойылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |