Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібі туралы Нұсқаулықты ҚР Сыртқы істер министрінің 2002 ж. 24 желтоқсандағы № 08-1/77 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 ж. 27 желтоқсандағы № 806 бірлескен бұйрығына сәйкес осы бұйрықтың күші жойылды Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібін одан әрі жетілдіру мақсатында Бұйырамыз: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібі туралы Нұсқаулық бекітілсін. 2. 1996 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бірлесіп бекіткен Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібі туралы Нұсқаулықтың күші жойылды деп есептелсін. 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
"Келісілген" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрлігі 2000 жылғы 11 шілдедегі № 65 бұйрығымен және Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі 2000 жылғы 11 шілдедегі № 388 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібі туралы Нұсқаулығы 1. Жалпы ереже 1. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен келісімдерінде өзгеше тәртіп белгіленбесе шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасының визасы болған жағдайда, Қазақстан Республикасына келуі және Қазақстан Республикасынан кетуі жарамды төлқұжаты немесе оны алмастыратын құжаттар бойынша мемлекеттік шекарадағы халықаралық және жолаушы қатынастары үшін ашық өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылады. 2. Визалар мынандай санаттарға бөлшектенеді: 1) дипломатиялық; 2) қызметтік; 3) инвесторлық; 4) іскерлік; 5) жеке; 6) туристік; 7) оқуға арналған; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|