|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 1 қыркүйектегі № 440 Жарлығы 3-тармағының 2) тармақшасын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Ақмола облысы орталығының қоныс аударуына байланысты босайтын ғимараттар мен қызметтік үй-жайларды бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 маусымдағы № 796 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: Ақмола облысы орталығының қоныс аударуына байланысты босайтын ғимараттар мен қызметтік үй-жайлардың және оларға орналастырылатын мемлекеттік органдардың тізбесінде: реттік нөмірі 23-жолдың 4-бағанында "Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жергілікті жерлерде сот әкімшілерін орналастыру үшін жетіспеген үй-жайларды бөлуді қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |