|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қыркүйектегі ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 4 шілдедегі № 661 қаулысымен осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қыркүйектегі № 1355 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 43, 396-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың тәртібінде: 12-тармақтағы "2000" деген сан "2001" деген санмен ауыстырылсын; 13-тармақтағы "2001" деген сан "2002" деген санмен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |