|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы азаматтарының Мемлекет басшысының "Еркін де еңселі әрі қауіпсіз қоғамға қадам басайық" атты Қазақстан халқына осы жылғы Жолдауында Үкіметтің алдына еліміз азаматтарының шет елге шығу тәртібін оңайлату міндеті қойылған болатын. Осыған орай, Қазақстан Республикасы азаматтарының еркін қозғалысы құқықтарын іске асыру мақсатында Үкіметтің 2001 жылғы 26 шілдедегі № 1010 қаулысымен қазақстандық азаматтардың шетке шығу ережесі бекітілді. Жаңа ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары шет елге қызметтік арналар, жеке өзінің мәселелері бойынша, оқуға, емделуге, демалуға, сондай-ақ турист ретінде шығуы кезінде ішкі істер органдарының арнайы рұқсаты талап етілмейді. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрақты тұруы үшін шет елге шығуына ішкі істер органдарының рұқсат беру жөніндегі қазіргі тәртіпті сақтау көзделген, мұның өзі жалпыға ортақ халықаралық қалыптарға сай келеді. Сондай-ақ ереже мемлекеттік құпияларға қол жетімділігіне байланысты өзіне белгілі бір міндеттемелер алған Қазақстан Республикасы азаматтарының шет елге шығу шарттарын реттейді. Азаматтардың елімізден басқа жаққа шығу мәселелерін реттейтін Үкіметтің бұрынғы қаулылары күшін жойды деп танылып отыр.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |