|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 17 шілдедегі № 602 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. "Кейбiр акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 8, 85-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн: 1) мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: "2-1. Осы қаулының 1-тармағының 5), 7), 9) тармақшаларында көзделген iс-шараларды орындау мүмкiн болмаған жағдайда, осындай іс-шаралардың орындалу мерзiмiн уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен келісім бойынша ауыстыруы мүмкiн деп белгiленсiн."; 2) көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада: 1-тармақта: "Палымбетов Болат Әбiлқасымұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрi" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Мұртазаев Мұрат Арзаұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрi"; 3-тармақта: "Палымбетов Болат Әбiлқасымұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрi Дүкенбаев Кенжемұрат Дүкенбайұлы - "Электр желiлерiн басқару жөніндегі қазақстандық компания" ААҚ-ның президентi" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: "Әмрин Асқар Кемеңгерұлы - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Заң департаментiнiң директоры Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы - "Электр желiлерiн басқару жөніндегі қазақстандық компания" ААҚ-ның президентi"; 4-тармақта: "Оразбақов Ғалым Iзбасарұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Оразбақов Ғалым Iзбасарұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда вице-министрi"; 8-тармақта: "Тоқсейiтов Рахымберген Құрманғалиұлы - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс бiрiншi вице-министрi" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Рахметов Нұрлан Құсайынұлы - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс вице-министрi"; мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Мәжiренов Жомарт Рахымбекұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң департамент бастығы (келісім бойынша)". 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |