Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы (2007.13.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2007 ж. 13 желтоқсандағы Түзетумен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Сыртқы істер министрлігі мен АҚШ ҚР Елшілігі арасындағы ноталар алмасу нысанындағы келісімді қараңыз
2007 ж. 13 желтоқсандағы Түзетумен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара) Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған, төменде КБР-дың шахталық ұшыру қондырғылары деп аталатын, континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын және стратегиялық шабуыл қаруларын жоюға байланысты басқа да қызметке жәрдемдесу ниетiмен, Жаппай қырып-жоятын қару-жарақтар, соның ішінде ядролық, биологиялық, химиялық, және радиологиялық жаппай қырып-жоятын қару-жарақтар, сондай-ақ осындай қаруға қатысты технологияның, материалдар мен мағлұматтардың таралуына қарсы тексеруге болатын шараларды орнатуға жәрдемдесу ниетiмен, Қазақстан Республикасының 1968 жылғы 1 шiлдедегi ядролық қаруды таратпау туралы Шартқа қосылуы мiндетiн атай отырып, төмендегiлер жайында келiстi: 2007 ж. 13 желтоқсандағы Түзетумен І-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) І-бап Тараптар ынтымақтасады және Америка Құрама Штаттары Қазақстан Республикасына жаппай қырып-жоятын қару-жарақтарды жоюға және таралуына жол бермеуге сондай-ақ қатысты материалдар, технологиялар мен мағлұматтарға байланысты әр түрлi мақсаттарға жәрдемдеседі, сонымен бірге, бірақ бұлармен шектелмей: а. КБР-дың шахталық ұшыру қондырғыларын жоюға; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|