|
|
|
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне мемлекеттік мүлік 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат): 1) 105-баптың 2-тармағындағы "егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе" деген сөздер "егер заң актілерінде қосымша қаржыландыру көздерi белгiленбесе" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 139-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "3. Акционерлік қоғамдарда акционерлердің құрылтай немесе жалпы жиналысы жарғылық капиталды қалыптастыруға және дивидендтер алуға қатыспайтын "алтын акция" енгізуі мүмкін. "Алтын акция" иесінің жалпы жиналыстың, басқарманың және директорлар кеңесінің қоғам жарғысымен белгіленетін мәселелер жөніндегі шешімдеріне вето қоюға ғана құқығы болады. "Алтын акциямен" куәландырылған вето қою құқығы берілуге жатпайды."; 3) 192-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын: "6. Мемлекеттік мүлiктi мемлекеттік меншiктiң бір түрiнен екiншiсiне беру Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілейтін тәртiппен жүзеге асырылады."; 1-тармақта: "мемлекеттік органның" деген сөздерден кейiн "жазбаша" деген сөзбен толықтырылсын; "кәсiпкерлiк қызметтiң мына түрлерiн жасауға" деген сөздер алып тасталсын; 1) тармақшада: "өзге адамдарға сатуға және беруге, айырбастауға" деген сөздер "иеліктен айыруға немесе өзгеше әдiспен билiк етуге (осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда)," деген сөздермен ауыстырылсын; "қорларын" деген сөз "құралдарын" деген сөзбен ауыстырылсын; 2) тармақша "филиалдар" деген сөзден кейін ", өкілдіктер" деген сөзбен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: "2-1) оған тиесiлi акцияларға (осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда), сондай-ақ дебиторлық берешекке билiк етуге;"; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "3) заемдар беруге;"; 2-тармақта: "қорларға" деген сөз "құралдарға" деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның мемлекеттік кәсіпорынның негізгі құралдарына жататын мүлiкке қатысты, сондай-ақ оған тиесілi акцияларды сатуға және сыйға беру мәмiлелерiн жасасуға құқығы жоқ."; 2-тармақта: "сол мүліктің меншік иесінің келісуімен ғана иеліктен айыруға немесе оған өзгеше әдіспен билік етуге" деген сөздер ", сол мүліктің меншік иесінің жазбаша келісімімен ғана иеліктен айыруға немесе оған өзгеше әдіспен билік етуге, сондай-ақ дебиторлық берешекті, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, беруге және есептен шығаруға" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: "3. Қазыналық кәсіпорынның өзінің негізгі құралдарына жататын мүлікті сатуға және оған қатысты сыйға беру мәмілелерін жасасуға құқығы жоқ.". 2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат): 910-баптың 1-тармағындағы бірінші бөлікте "саудаластық негізінде (тендер, аукцион)" деген сөздер "тендер, аукцион әрі саудаластықтың Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленген өзге де нысандары негізінде" деген сөздермен ауыстырылсын. 3. Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 66-құжат; № 24, 164-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 183-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 22, 789-құжат; № 23, 916-құжат; 2001 ж., № 10, 126-құжат): 1) кiрiспе алып тасталсын; 2) 2-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі "әкімдер" деген сөз "атқарушы органдар" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын: "3-бап. Мемлекеттік кәсiпорындарға қатысты мемлекеттік басқару және мемлекеттік меншiк құқығын жүзеге асыру 1. Республикалық мемлекеттік кәсiпорындарға қатысты республикалық меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын республикалық мемлекеттік меншiкке билiк етуге Қазақстан Республикасының Yкіметі уәкiлеттiк берген мемлекеттік орган, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) орындайды. Министрлiктер, агенттiктер, ведомстволар және Қазақстан Республикасының Yкіметі уәкiлеттiк берген өзге де мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi республикалық мемлекеттік кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органдары (бұдан әрi - мемлекеттік басқару органдары) болып табылады. 2. Коммуналдық меншiк құқығы субъектiсiнiң коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындарға қатысты функцияларын тиiсті әкімшілік-аумақтық бөліністің әкiмияты (бұдан әрi - уәкілетті орган) жүзеге асырады. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөліністің әкiмияты не жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, әкiм уәкiлеттік берген атқарушы орган (бұдан әрi мемлекеттік басқару органы) коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органы болып табылады."; 4) 4-баптың 1-тармағындағы "әкімнің" деген сөз "атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармағының екінші бөлігі "жарғысын" деген сөзден кейін "мемлекеттік басқару органының ұсынуы бойынша" деген сөздермен толықтырылсын және "уәкілді органы" деген сөздер "уәкілетті органы" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармағында: "(уәкiлдi органы)" және "(уәкiлдi орган)" деген сөздер тиісінше "(уәкiлеттi органы) және мемлекеттік басқару органы" және "(уәкілетті орган), кәсiпорын мен мемлекеттік басқару органы" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармағындағы екінші өзгеріс қазақша мәтіндегі күйінде қалдырылсын; бiрiншi бөлiк "мақсатын" деген сөзден кейiн ", мемлекеттік басқару органының ұсынуы бойынша," деген сөздермен толықтырылсын, "(уәкілді органы)" деген сөздер "(уәкілетті органы)" деген сөздермен ауыстырылсын; екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: "Мемлекеттік кәсіпорындарға мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын беруге жол берілмейді."; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органының мыналарға: 1) мемлекеттік кәсiпорын қызметiнiң басым бағыттарын айқындауға; 2) мемлекеттік кәсiпорынның шаруашылық қызметiнiң ағымдағы және перспективалық жоспарларын, оның iшiнде жоспарлы қаржылық көрсеткiштерiн, оларды берудiң мерзiмдiлiгi мен тәртібін қарауға және бекiтуге; 3) уәкілетті органға тиiстi есептi ол белгілеген мерзiмде табыс ете отырып, мемлекеттік кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiнiң жоспарлы көрсеткiштерiнiң орындалуын бақылауға және талдауға; 4) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртiппен мемлекеттік басшыны тағайындауға және оны аттестаттаудан өткізуге; 5) мемлекеттік кәсiпорын мүлкiнiң мақсатқа сай пайдаланылуын және сақталуын бақылауды жүзеге асыруға; 6) осы Жарлықпен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерімен өзінің құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдауға өкілеттіктері болады."; 2-тармақтағы "оның уәкілдi органы тағайындайтын және оған есеп беретiн" деген сөздер "мемлекеттік басқару органына есеп беретiн" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3. Мемлекеттік басқару органы кәсіпорынның басшысымен қатынасты Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына сәйкес жеке еңбек шартын жасасу арқылы ресімдейді. Жеке еңбек шартында оның қолданылу мерзімінен, еңбек, демалыс жағдайларынан, материалдық жағынан қамтамасыз етілуінен, Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарында көзделген кепілдіктер ескеріле отырып, атқаратын қызметінен босату негіздерінен басқа, кәсіпорын басшысының құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі, оның ішінде таза табыстың белгіленген бөлігін мемлекеттік бюджетке уақтылы аудармағаны және қаржы-шаруашылық есептілігі туралы мәліметтер бермегені үшін жауапкершілігі айқындалады."; 4-тармақ "меншiк иесiнiң" деген сөздерден кейiн "және мемлекеттік басқару органының" деген сөздермен толықтырылсын; 6-тармақ "кәсiпорынның мүлкiне" деген сөздердiң алдынан "осы Жарлықпен белгiленген шектерде" деген сөздермен толықтырылсын; 7-тармақтың екiншi бөлiгіндегі "уәкілдi орган" деген сөздер "мемлекеттік басқару органы" деген сөздермен ауыстырылсын; 8-тармақтың бiрiншi бөлiгіндегi "уәкiлдi орган" деген сөздер "мемлекеттік басқару органы" деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтағы "қорлар мен" деген сөздер "және" деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын: "4. Мемлекеттік кәсiпорындардың негiзгi құралдарға жататын, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында бекітілген мүлiкке, сондай-ақ оларға тиесiлi акцияларға қатысты сатуға және сыйға беру мәмiлелерiн жасасуға құқығы жоқ. 5. Шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы мүлiктi алып қою туралы шешiмде уәкiлеттi орган мемлекеттік кәсiпорынға кейіннен мүлiктi баланстан шығара отырып, оны өзге тұлғаға бергенге дейін ұстаудың және сақталуын қамтамасыз етудің мерзімдерiн белгiлеуге құқылы."; ", оны оқшаулау жөніндегі мәмiлелердi қоспағанда" деген сөздер алып тасталсын; "әкiмнiң" деген сөз "атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылсын; 10) 13-баптың 2-тармағындағы "уәкiлдi орган" деген сөздер "мемлекеттік басқару органы" деген сөздермен ауыстырылсын; ", оған уәкiлдi органның рұқсаты алынбаған" деген сөздер алып тасталсын; "уәкілдi органның немесе өзге де құзыреттi органның шешімі бойынша" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен" деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші бөлігіндегі "әкімнің" деген сөз "атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылсын; үшiншi бөлiгіндегі "уәкiлдi орган" деген сөздер ", егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше белгiленбесе, уәкiлеттi органның келісімi бойынша мемлекеттік басқару органы" деген сөздермен ауыстырылсын; тақырыбындағы және мәтiніндегі "қорлары", "қорының", "қордың", "қорды", "қорын", "қорлардың" деген сөздер тиісінше "капиталдары", "капиталының", "капиталдың", "капиталды", "капиталын", "капиталдардың" деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтағы "белгіленген" деген сөзден кейін "айлық" деген сөзбен толықтырылсын; 14) 23 және 24-баптар алып тасталсын; 1-тармақта: бiрiншi бөлiгiнде: "меншiк иесiнiң немесе уәкiлдi органның келісімiнсiз кәсiпкерлiк қызметтiң мына түрлерiн жасауға" деген сөздер "уәкілетті органның жазбаша келісімiнсiз" деген сөздермен ауыстырылсын; 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "1) өзіне тиесілі үйлерді, ғимараттарды, жабдықтарды және кәсіпорынның басқа да негізгі құралдарын иеліктен айыруға немесе өзге де әдiспен оларға билiк етуге (осы Жарлықтың 10-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда), ұзақ мерзімді (үш жылдан астам) жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге;"; 2) тармақша "филиалдар" деген сөзден кейін ", өкілдіктер" деген сөзбен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын: "2-1) өзіне тиесiлi акцияларға (осы Жарлықтың 10-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда), сондай-ақ дебиторлық берешекке билiк етуге; 2-2) үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша кепiлгерлiк немесе кепiлдiк беруге;"; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "3) заемдар беруге құқы жоқ."; екiншi бөлiгi алып тасталсын; 3-тармақтағы "қорларға" деген сөз "құралдарға" деген сөзбен ауыстырылсын; 16) 26-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгіндегі "уәкiлдi органның" деген сөздер "мемлекеттік басқару органының" деген сөздермен ауыстырылсын; 17) 27-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "2. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік кәсіпорындарын қоспағанда) таза табысының бір бөлігін аудару нормативін мемлекеттік басқару органы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің келісімімен жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейін белгілейді. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін мемлекеттік басқару органы жергілікті қаржы органдарының келісімімен жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейін белгілейді. Мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігі белгiленген нормативтер бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттік бюджетке есептелуге тиіс. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің республикалық мемлекеттік кәсiпорындарының таза табысының бір бөлiгi өздері белгілейтін мерзiмде, мөлшерде және тәртiппен оның бюджетiне есептелуге тиіс."; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Кәсіпорынның еңбекке ақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын мемлекеттік басқару органы белгілеп отырады."; 2-тармақтың екінші бөлігіндегі "уәкiлдi орган" деген сөздер "мемлекеттік басқару органы" деген сөздермен ауыстырылсын; 20) 30-баптың үшінші бөлігінің бірінші сөйлеміндегі "Құрылтайшының (уәкілді органның)" деген сөздер "Құрылтайшының (уәкілетті органның) немесе мемлекеттік басқару органының" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақта "уәкiлдi органның келісімiнсiз негiзгi қорға" деген сөздер "мемлекеттік басқару органының жазбаша келісімiнсiз негiзгi құралдарға" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3. Қазыналық кәсiпорын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртiппен банк заемдарын пайдалануға құқылы."; бiрiншi бөлiгіндегi "уәкiлдi органның келісуімен" деген сөздер ", осы Жарлықтың 10-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік басқару органының жазбаша келісімімен" деген сөздермен ауыстырылсын; үшiншi бөлiк алып тасталсын; 24) 39-баптағы "уәкiлдi органдар" деген сөздер "мемлекеттік басқару органы" деген сөздермен ауыстырылсын; 25) 40-баптағы "уәкiлдi орган" деген сөздер "мемлекеттік басқару органы" деген сөздермен ауыстырылсын; 26) 41-баптың 1-тармағындағы "уәкiлдi орган" деген сөздер "мемлекеттік басқару органы" деген сөздермен ауыстырылсын; 27) 42-бап мынадай редакцияда жазылсын: "42-бап. Қазыналық кәсiпорын қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу Қазыналық кәсiпорынның еңбекке ақы төлеу қорын мемлекеттік басқару органы белгiлейдi. Қазыналық кәсiпорын қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi."; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық кәсiпорынды қазыналық кәсiпорын етiп қайта құру мемлекеттік басқару органының уәкiлетті органмен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiмен, коммуналдық кәсiпорынды қайта құру жергiлiктi атқарушы органның шешiмімен жүргiзiледi."; 2-тармақ алып тасталсын; бірінші бөліктегі "Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетінің" деген сөздер "баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі орталық атқарушы органның" деген сөздермен, "уәкілді орган" деген сөздер "уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктегі "әкімнің" деген сөз "атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармағындағы "(осы Жарлықтың 24-бабы)" деген сөздер ", осы Жарлықтың 25-бабы 1-тармағының 1), 2-1) тармақшаларында көзделген, негiзгi кәсiпорынның уәкiлетті органымен келісілетiн жағдайларын қоспағанда," деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтың екiншi бөлiгіндегі "әкiмнiң" деген сөз "атқарушы органның" деген сөздермен ауыстырылсын. 4. Қазақстан Республикасы Президентінің "Жекешелендiру туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы № 2721 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 163-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 189-құжат; 1999 ж., № 21, 786-құжат; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 21, 396-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат): 1) кіріспе алып тасталсын; 2) 2-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "4. Жүзеге асырылуы жекешелендіру объектісін сату шарты болып табылатын қызмет түрлерімен айналысуға Қазақстан Республикасының заң актілеріне немесе құрылтай құжаттарына сәйкес құқығы жоқ заңды тұлғалар жекешелендіру кезінде сатып алушы бола алмайды."; 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: "1. Мемлекеттік мүлiктiң мынадай түрлерi: 1) мүлiктiк кешен ретіндегі мемлекеттік кәсiпорын немесе мемлекеттік мекеме (бұдан әрi - кәсiпорын); 2) жекешелендiрілуі тұйық технологиялық тiзбекті бұзбайтын мүлiктiк кешен ретіндегі кәсiпорынның өндiрiстiк және өндiрiстiк емес бөлiмшелерi мен құрылымдық бiрлiктерi; 3) кәсiпорынның мүлкi; 4) акциялар; 5) жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы үлестер; 6) мемлекетке тиесiлi акцияларға құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздар; 7) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен мемлекеттік мекемелерге бекiтіліп берілген өзге де мемлекеттік мүлiк жекешелендiру объектілерi болып табылады. 2. Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес тек мемлекеттік меншiкте ғана болуы мүмкін мемлекеттік мүлiк, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнің және (немесе) Yкіметінiң шешiмдерiне сәйкес жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік мүлiк жекешелендiру объектiсi болуы мүмкін емес."; 3-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Табиғи монополия субъектілері немесе тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие болып отырған рынок субъектілері болып табылатын не Республика экономикасының жекелеген саласы (секторы) үшiн стратегиялық маңызы бар ұйымдардың мүлiктiк кешендерiн немесе акциялардың мемлекеттік пакеттерiн жекешелендiру туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Yкіметі қабылдайды және онда жекешелендiрудiң түрiне арналған нұсқау болуға тиiс. Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының (секторларының) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi."; 4) 7, 8 және 9-баптар алып тасталсын; тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "10-бап. Мемлекетке тиесiлi акциялар және мемлекеттiң жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы үлестерi"; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Мемлекетке тиесiлi акцияларды және мемлекеттiң жауапкершілiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы үлестерiн сату Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер және бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарында белгiленген талаптар сақтала отырып жүргiзiлуге тиiс."; 6) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын: "12-бап. Жекешелендiрудiң түрлерi 1. Жекешелендiру мынадай түрлерде: 1) аукцион, тендер, қор биржасындағы сауда-саттық, екі кезеңді рәсiмдер жолымен өтетiн конкурс, туынды бағалы қағаздарды сату нысанындағы сауда-саттықта сату; 2) тiкелей бәсiрелi сату түрлерінде жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік мүлiктi сатуға тiкелей алып келмейтiн, бiрақ оның кейiннен сатылуын көздейтiн әрекеттер (жабық үлгідегі акционерлік қоғамды ашық үлгiдегі акционерлік қоғамға өзгерту, мемлекеттік мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға) беру не оны тиiсiнше жалдаушының (жалгердің) не сенiм бiлдiрiлген басқарушының кейiннен сатып алу құқығымен сенiм бiлдiрiлген басқаруға беру) жекешелендiрудiң түрлерi ретiнде емес, оның алдын ала жүргізілетін сатылары ретiнде қарастырылады."; тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "13-бап. Сауда-саттық өткізудің талаптары"; 1-тармақтың бiрiншi бөлігіндегі бірінші сөйлем алып тасталсын; 2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: "2. Сауда-саттық ашық болуға тиіс, оны өткізу тәртібі осы Жарлықтың 14-14-3-баптарымен" белгіленеді."; 1-тармақта: "шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық қорларындағы акциялары мен үлестерi" деген сөздер "мемлекетке тиесiлi акциялар және мемлекеттің жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы үлестерi" деген сөздермен ауыстырылсын; "республикалық ресми баспасөзде қазақ және орыс тілдерінде" деген сөздер "ресми басылымдарда мемлекеттік тілде және орыс тілінде" деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын: "6-1. Сатып алу-сату шарты Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпиясы бар мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, мүдделі адамдарға танысу үшін берілуге тиіс."; 8-тармақ алып тасталсын; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "9. Егер осы Жарлықта өзгеше көзделмесе, сауда-саттық өткізу кезiнде осы бапта белгiленген ережелер қолданылады."; 9) мынадай мазмұндағы 14-1, 14-2 және 14-3 баптармен толықтырылсын: "14-1. Қор биржасындағы сауда-саттық 1. Мемлекетке тиесiлi бағалы қағаздарды қор биржасында сату Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарына және биржалық сауда ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды шет мемлекеттердің қор биржаларында сатуға жол беріледі. 2. Сату туралы хабарлама қор биржасында сауда-саттық өткізу басталғанға дейін кем дегенде он бес күн бұрын ресми басылымдарда мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялануға және онда сауда-саттық басталатын күн, сауда-саттық өткізілетін орын, сату объектісі мен оның мөлшері туралы мәліметтер болуға тиіс. Сатушы хабарламада мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сатуға қатысты өзге де мәліметтерді көрсетуге құқылы. 3. Сатушының бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысымен жасалатын шартында мемлекетке тиесiлi бағалы қағаздарды сатушы белгiлеген ең төменгі бағадан төмен болмайтын бағамен сатуға мiндеттеме болуға тиiс. 14-2-бап. Екi кезеңдi рәсiмдер жолымен өткізілетін конкурс 1. Екi кезеңдi рәсiмдер жолымен өткізілетін конкурс (бұдан әрi конкурс) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жекешелендiрудің баға басымдығын және (немесе) өзге талаптарын айқындайтын шешiмi бойынша қаржы кеңесшiсiнiң қатысуымен өткiзiледi. 2. Конкурс мынадай iс-шаралар жоспарын: 1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен қаржы кеңесшiсiн тартуды; 2) жекешелендiру объектiсiн жан-жақты талдауды, оның құнын бағалауды және әлеуетті сатып алушылар (инвесторлар) үшiн сату объектiсi туралы деректердің ақпараттық базасын қалыптастыруды; 3) сатушының жекешелендiру объектiсiн сату туралы хабарламаны ресми басылымдарда мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялануын, сондай-ақ қаржы кеңесшiсiнiң әлеуетті сатып алушыларға (инвесторларға) сату туралы ұсынысты жіберуін; 4) қаржы кеңесшiсiнiң әлеуетті сатып алушылардың (инвесторлардың) ұсыныстар бар өтiнiмдерiнің тiзбесiн қалыптастыруын; 5) келiссөздер барысында ең жақсы ұсыныстар берген (конкурстың бірінші кезеңі) кемiнде екi әлеуетті сатып алушыны (инвесторды) анықтау мақсатында қаржы кеңесшiсiнiң қатысуымен сатушының әлеуетті сатып алушылармен (инвесторлармен) өтiнiмдердiң тiзбесi бойынша келiссөздер өткізуiн;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |