Қазақстан Республикасының Yкіметi мен Қырғыз Республикасының Yкіметі Келісім Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 16 қаңтардағы № 29 қаулысына сәйкес бекітілді Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі 1997 жылы 8 сәуiрде Алматы қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының арасындағы Мәңгiлiк достық туралы шарттың қағидаттарын, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы Мемлекеттер басшыларының 1998 жылғы 28 сәуірдегі "Қарапайым адамдарға қарай бағытталған қарапайым он қадам" мәлiмдемесiн басшылыққа ала отырып, Тараптардың халықтың еңбек көшi-қоны процестерiн реттеу және еңбекшi-көшiп келушiлердi әлеуметтiк қорғау саласындағы ынтымақтастығы үшiн құқықтық негiздi қамтамасыз етуге ұмтыла отырып, 1994 жылы 15 сәуiрде Мәскеу қаласында қол қойылған Еңбек көшi-қоны және көшушi еңбекшiлердi әлеуметтiк қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнiң ережелерiне сүйене отырып, еңбекшi-көшiп келушiлердiң Тараптар мeмлекеттерiнiң шекараға iргелес облыстарында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн оңайлатылған тәртiп ұсыну мақсатында, Тараптар мемлекеттерi азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етудi басым мiндет деп есептей отырып, заңсыз көшi-қонның алдын алу және жолын кесу жөніндегі ынтымақтастықты Тараптар мемлекеттерi аумағында көшi-қон процесстерiн реттеудiң маңызды бағыты деп қарай отырып, төмендегi туралы келiстi: Осы Келісімде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар мен терминдер: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|