|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 7 қаңтардағы № 27 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 141 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанынан Қазақстан Республикасының ғарышкерiне кандидаттарды алдын ала iрiктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 7 қаңтардағы № 27 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж, № 1, 10-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Ведомствоаралық комиссия Қазақстан Республикасының ғарышкерiне кандидаттарды Ресей тарапымен келiсу бойынша Ю.A. Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу орталығына дайындықтан өтуге жiберу үшiн оларды iрiктеу жөнiнде ұсыныстар әзiрлесiн.»; 2) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы Қазақстан Республикасының ғарышкерiне кандидаттарды алдын ала iрiктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн: Сапаров - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi Мәлiк Мұхамеджанұлы Бас штабының бастығы - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бiрiншi орынбасары, төрағаның орынбасары Қосынов - Қазақстан Республикасының Энергетика Алмас Олжабайұлы және минералдық ресурстар министрлігі Аэроғарыш комитетiнiң төрағасы, хатшы Сұлтанғазин - Қазақстан Республикасының Білім және Өмiрзақ Махмұдұлы ғылым министрлігі Ғарыштық зерттеулер институтының директоры Коржова - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi; Наталья Артемовна мына: «Әубәкiров - Қазақстан Республикасы Президентінің Тоқтар Оңғарбайұлы кеңесшiсi (келісім бойынша) Қожақов - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер Асан Егiмбайұлы министрлігі Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы департаментiнiң директоры» деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: «Әубәкiров - Қазақстан Республикасының ұшқыш- Тоқтар Оңғарбайұлы ғарышкерi (келісім бойынша) Қожақов - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер Асан Егiнбайұлы министрлігінiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөніндегі комитетiнiң төрағасы»; көрсетiлген құрамнан мыналар шығарылсын: Мейiрбек Молдабекұлы Молдабеков, Бақытжан Ертайұлы Ертаев, Нағима Әбенқызы Айтқожина, Едiге Асқарұлы Закарин, Анатолий Шьяпович Васимов, Александр Юрьевич Вершинин. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |