|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 11 ақпандағы № 202 қаулысына Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 ақпандағы № 202 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада: 6-тармақтағы "Жауапты орындаушылар" деген бағанда "Әскери-тергеу округтерi, басқармалары мен бөлiмдерi" деген сөздерден кейiн ", арнайы полиция бөлiмшелерi" деген сөздермен толықтырылсын; 2) көрсетiлген қаулыға 3-қосымшада: 6-тармақтағы "Жауапты орындаушылар" деген бағанда "Әскери-тергеу округтерi, басқармалары мен бөлiмдерi" деген сөздерден кейiн ", арнайы полиция бөлiмшелерi" деген сөздермен толықтырылсын; 3) көрсетiлген қаулыға 4-қосымшада: 5-тармақтағы "авиатехниканы күрделi жөндеуден өткізу;" деген сөздерден кейiн "ұшу-техникалық мүлiктi сатып алу;" деген сөздермен толықтырылсын; 6-тармақтағы "Жауапты орындаушылар" деген бағанда "Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң Iшкi әскерлер қолбасшысының бас басқармасы" деген сөздерден кейiн ", № 3656 әскери бөлiм" деген сөздермен толықтырылсын; 4) көрсетiлген қаулыға 6-қосымшада: 6-тармақтағы "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөніндегі iс-шаралар" деген бағандағы үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Әртүрлi атаулы 23 бiрлiктен тұратын оққағарларды, 5 бiрлiктен тұратын противогаздарды, 120 бiрлiктен тұратын "Черемуха" бұйымдарын, 24 бiрлiктен тұратын қолкiсендердi, 5454 бiрлiктен тұратын әртүрлі атаулы патрондарды, 90 бiрлiктен тұратын резеңке таяқтарды, 21 бiрлiктен тұратын қалқанды каскаларды, 2 бiрлiктен тұратын алып жүретiн металл iздегiштi, 1 бiрлiктен тұратын "Поиск-3" стационарлық металл тапқышты, 1 бiрлiктен тұратын "Olimpus L-400" микрокассеталы диктофонды, 1 бiрлiктен тұратын "AK" металлдарды табуға арналған приборды, 1 бiрлiктен тұратын құпия және бос орындарды табуға арналған приборды, 6 бiрлiктен тұратын әртүрлі атаулы түнде көру приборларын, 1 бiрлiктен тұратын КС-23 карабинін, 10 бiрлiктен тұратын әртүрлі атаулы периметрді күзету жүйесiн сатып алу."; 5) көрсетiлген қаулыға 9-қосымшада: 6-тармақтағы "Жауапты орындаушылар" деген бағанда "Әскери-тергеу округтерi, басқармалары мен бөлiмдерi" деген сөздерден кейiн ", арнайы полиция бөлiмшелерi" деген сөздермен толықтырылсын; 6) көрсетiлген қаулыға 14-қосымшада: 6-тармақтағы "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөніндегі iс-шаралар" деген бағанда соңғы сөйлемде "электр энергиясына" деген сөздерден кейiн ", жылу энергиясына" деген сөздермен толықтырылсын; 7) көрсетiлген қаулыға 15-қосымшада: 6-тармақтағы "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөніндегі iс-шаралар" деген баған мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң iшкi әскерлерiн реформалау жөніндегі iс-шараларды жүргiзу, оның iшiнде: 24 атаулы байланыс жабдықтарын, 10 атаулы қару мен оқ-дәрiлердi, 6 атаулы әскери-техникалық жабдықтарды, 9 атаулы инженерлiк-техникалық құралдарды, 9 атаулы арнайы құралдарды, 7 атаулы инженерлiк қарулану құралдарын, 9 атаулы арнайы автотехниканы, 22 атаулы медициналық жабдықтарды, 5 атаулы жиhаздар мен казармалық мұқаммалды, 12 атаулы стационарлық, кiр жуатын, далалық, тiркеме, тiгiн машинкаларын сатып алу"; 8) көрсетiлген қаулыға 23-қосымшада: 6-тармақтағы "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөніндегі iс-шаралар" деген бағанда бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: 3 бiрлiктен тұратын "Фокус-СМ" (адаптерi бap) қабылдау-бақылау құрылғысы мен басқару жүйесiн; периметрлер үшiн баса-көктеп кiрудi анықтау құралдарын: 7 бiрлiктен тұратын "Радиан-14" сыйымды анықтау құралын, 7 бiрлiктен тұратын "Газон" радиотолқынды құрылғысын, 5 бiрлiктен тұратын "Дельфин-МП" дірілдеткіш кабельдiк анықтау құралын, 30 жинақтан тұратын "Спираль-ИИ" (Егоза) пассивтi қоршауын, 4 тонна KO-1,2 мырышты сым, 4 жинақтан тұратын көрiнбейтiн кедергiнi; телевизиялық бақылау жүйелерiн: 20 бiрлiктен тұратын MBK-16 сыртқы бейнекамераларды, 41 бiрлiктен тұратын KPC-500 iшкi бейнекамераларды, 10 бiрлiктен тұратын BWM-900 мониторларын, 20 бiрлiктен тұратын CHEB бейнекамералары үшiн термоқорғау қаптамасын, 6 бiрлiктен тұратын BQ-525A бейнебелгілердi өңдеу құрылғысын, 4 бiрлiктен тұратын мультиплексорларды, 39 бiрлiктен тұратын квадраторларды, 3 бiрлiктен тұратын JTR 9600Р арнайы бейнемагнитофондарды, 6 бiрлiктен тұратын G-1500 жақтаулық металл детекторларын; 10 бiрлiктен тұратын Унискан 7215 тексеру металл детекторларын; кiрудi бақылау жүйелерiн: 4 бiрлiктен тұратын Модель 4015 CDP-S4 автономды проксимити жүйесiн; күзет-өрт дабыл қаққыштарын: 400 бiрлiктен тұратын датчиктердi (түтiндiк, жылу, газ); 200 бiрлiктен тұратын МL-194 элекромагниттi құлыптарды; қоректендiру көздерiн: 16 бiрлiктен тұратын ББП-20 үздiксiз қоректендiру көзiн, 20 бiрлiктен тұратын FLAMM-7 аккумуляторын, 4 бiрлiк "Хонда" бензин генераторын сатып алу"; 9) көрсетiлген қаулыға 33-қосымшада: 6-тармақтағы "Бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) iске асыру жөніндегі iс-шаралар" деген бағанда екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Арнайы медициналық жабдықтарды: 1 бiрлiктен тұратын "ИВЛ Фаза-5" аппаратын, 2 бiрлiктен тұратын "УВЧ 80-02" аппаратын, 2 бiрлiктен тұратын "Бинокулярлық микроскоп" аппаратын, 1 бiрлiктен тұратын биохимиялық анализаторды, 2 бiрлiктен тұратын "Небулайзер" аппаратын, 1 бiрлiктен тұратын ЛУ-2 әмбебап ларингоскопты сатып алу". 2. Осы қаулы 2002 жылғы 11 ақпаннан бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |