Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Бiрлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзiрлеу және iске асыру жөніндегі техникалық ынтымақтастық туралы
Келісім Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 5 желтоқсандағы № 1285 қаулысына сәйкес мақұлданды
Осы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасын қараңыз
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкіметі (бұдан әрi»Үкімет» деп аталатын) мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi (бұдан әрi «Банк» деп аталатын) елдегi реформалар процесiн одан әрi iлгерi бастыру мақсатында Бiрлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын (бұдан әрi - БЭЗБ) әзiрлеу және iске асыру жөніндегі техникалық ынтымақтастық туралы келісімге (бұдан әрi «Келісім» деп аталатын) келдi. Осы Келісімде БЭЗБ негiзгi принциптерi және нысандарының түсiнiгi баяндалған. 1-бөлiм. БЭЗБ шеңберіндегі техникалық ынтымақтастық, Үкіметтiң пiкiрiнше, бiрiншi кезектегi ұлттық басымдықтар болып табылатын және Банктiң ерекше құзыретi мен тәжiрибесi шеңберіндегі экономикалық және әлеуметтiк даму салаларындағы техникалық ынтымақтастықты бiлдiредi. 2-бөлiм. Келісімдi iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 1 шiлдеден 30 маусымға дейiнгi жұмыс кезеңi мен қаржы жылы (1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейiн) пайдаланылады. 3-бөлiм. Үкімет Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін Келісім шеңберiнде туындайтын барлық мәселелер бойынша ақпарат алмасу жүзеге асырылатын, сондай-ақ БЭЗБ процесiне және нәтижелерiне үнемi бақылау жасалатын уәкiлеттi орган ретiнде тағайындайды. 4-бөлiм. Үкімет алдағы жұмыс кезеңiне БЭЗБ шеңберіндегі техникалық ынтымақтастықтың жыл сайынғы бағдарламасын (бұдан әрi - Жыл сайынғы бағдарлама деп аталатын) және ?кімет атынан және ол арқылы БЭЗБ бойынша әкiмшiлiк қаржы сметасын бекiтуге уәкiлеттi ресми тұлғаны тағайындайды. Банк өз кезегiнде Қазақстандағы өкiлiн тағайындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|