|
|
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген мемлекеттік мекемелерін құру туралы (2015.13.11. енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 105-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мынадай мемлекеттік мекемелері құрылсын: 1) «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы»; 2) ҚР Үкіметінің 2015.13.11. № 911 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен 3-тармақтың күші жойылды 3. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерінде: "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген 2-бөлім мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: "Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы 482; Республикалық дәнді дақылдардың интродукциялық-карантиндік көшеттігі 18". 4. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |