|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1379 және "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 1379 қаулысына: көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада: IV "Шығындар" деген бөлiмде: 10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" деген функционалдық топта: 212 "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген әкiмшi бойынша: 032 "Суармалы жерлердiң мелиорациялық жай-күйiн бағалау" деген бағдарламада: 030 "Жетiсу гидрогеология - мелиоративтiк экспедициясы 61059" деген кiшi бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын: "030 Гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициялар 61059"; 2) "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына: көрсетiлген қаулыға 118-қосымшада: "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақта: "Бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) атауы" деген 4-бағанда: "Жетiсу гидрогеология-мелиоративтiк экспедициясы" деген сөздер "Гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициялар" деген сөздермен ауыстырылсын; "Бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) iске асыру жөніндегі iс-шаралар" деген 5-баған мынадай редакцияда жазылсын: "Штат саны 192 адам үш мемлекеттік мекеменi ұстау, оның iшiнде: "Жетiсу гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы" мемлекеттік мекемесi қаржыландыру сомасы 23464 мың теңге штат саны 68 адам - 700000 гектар алаңдағы суармалы жерлердi және 14155 гектар алаңдағы Жер суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру жобасының (СДЖЖ) объектiлерiнде агромелиоративтiк зерттеудi, 8282 өлшемдi жерасты суларының тұздылық-деңгейлiк режимдерiн стационарлық гидрогеологиялық қадағалауды, 528 өлшем коллекторлық-дренаж жүйелерiнiң ағындылығын гидрогеологиялық қадағалауды, 400 бiрлiк скважиналарды ағымдағы жөндеудi, 33361 гектарда топырақты-тұзды жерлердi түсiрудi; 4900 шартты бiрлiк зертханалық талдауларды, суармалы жерлердiң есебiн және картографиялық материалын жасауды және суармалы жерлердегi терiс әрекеттердi азайту жөніндегі ұсынымдар мен iс-шараларды әзiрлеудi жүзеге асыру үшiн; "Оңтүстiк Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтiк экспедициясы" мемлекеттік мекемесi қаржыландыру сомасы 23702 мың теңге штат саны 74 адам - 595000 гектар алаңдағы суармалы жерлердi және 9637 гектар алаңдағы Жер суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру жобасының (СДЖЖ) объектiлерiнде агромелиоративтiк зерттеудi, 24400 өлшемдi 13 стационарлық алаңда жерасты суларының тұздылық-деңгейлiк режимдерiн стационарлық гидрогеологиялық қадағалауды, 2000 шартты қадағалауды коллекторлық-дренаж жүйелерiнің ағындылығын гидрогеологиялық қадағалауды, 600 бiрлiк скважиналарды ағымдағы жөндеудi, 7000 гектарда топырақты-тұзды жерлердi түсiрудi, 4800 шартты бiрлiк зертханалық талдауларды, суармалы жерлердiң есебiн және картографиялық материалын жасауды және суармалы жерлердегi терiс әрекеттердi азайту жөніндегі ұсынымдар мен iс-шараларды әзірлеуді жүзеге асыру үшін; "Қызылорда гидрогеологиялық мелиоративтiк экспедициясы" мемлекеттік мекемесi қаржыландыру сомасы 13893 мың теңге штат саны 50 адам 300000 гектар алаңдағы суармалы жерлердi және 1034 гектар алаңдағы Жер суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру жобасының (СДЖЖ) объектiлерiнде агромелиоративтiк зерттеудi, 10000 өлшемдi 1 стационарлық алаңда жерасты суларының тұздылық-деңгейлiк режимдерiн стационарлық гидрогеологиялық қадағалауды, 200 шартты қадағалауды коллекторлық-дренаж жүйелepінің ағындылығын гидрогеологиялық қадағалауды, 300 бiрлiк скважиналарды ағымдағы жөндеудi, 2000 гектарда топырақты-тұзды жерлердi түсiрудi, 3000 шартты бiрлiк зертханалық талдауларды, суармалы жерлердiң есебiн және картографиялық материалын жасауды және суармалы жерлердегi терiс әрекеттердi азайту жөніндегі ұсынымдар мен iс-шараларды әзiрлеудi жүзеге асыру үшiн". 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |