|
|
|
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің жекелеген ҚР Үкіметінің 26.11.04 ж. № 1237 қаулысымен күші жойылды "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес, сондай-ақ тұрғын үй және тұрғын үй-коммуналдық саланы басқару саласында мемлекеттік саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 1) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 12 қыркүйектегі № 996 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 30, 330-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі туралы ережеде: 1-тармақтағы "құрылысты," деген сөзден кейін "тұрғын үй-коммуналдық саланы," деген сөздермен толықтырылсын; 1) тармақша "және құрылыста," деген сөздерден кейін "тұрғын үй-коммуналдық салада," деген сөздермен толықтырылсын; 3) тармақшадағы "аясында өнеркәсіп және құрылыс салаларын" деген сөздер "шегінде өнеркәсіп, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық салаларды" деген сөздермен ауыстырылсын; 1) тармақшадағы "саласындағы" деген сөзден кейін "тұрғын үй-коммуналдық саладағы" деген сөздермен толықтырылсын; 12) тармақшада: бірінші абзац "құрылысты" деген сөзден кейін ", тұрғын үй-коммуналдық саланы" деген сөздермен толықтырылсын; екінші абзац "құрылыс қызметі" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық саланы" деген сөздермен толықтырылсын; 11-тармақтың 1) тармақшасы "құрылысты," деген сөзден кейін "тұрғын үй-коммуналдық саланы," деген сөздермен толықтырылсын; 2) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 қарашадағы № 1220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 41, 414-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті туралы ережеде: 1-тармақ "саласында" деген сөзден кейін ", сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық салада" деген сөздермен толықтырылсын; 1) тармақшада: "саласындағы" деген сөз "аясындағы" деген сөзбен ауыстырылсын; "мемлекеттік" деген сөздің алдынан ", сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық саладағы" деген сөздермен толықтырылсын; 1) тармақшадағы "саласындағы" деген сөзден кейін ", сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық саладағы" деген сөздермен толықтырылсын; 2) тармақша "және құрылыс қызметін" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық саланы" деген сөздермен толықтырылсын; 4) тармақша "құрылыс" деген сөзден кейін ", сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық сала" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: "5-1) тұрғын үй-коммуналдық салада нормативтік-техникалық құжаттарды заңнамада белгіленген тәртіппен әзірлеу, бекіту және қолданысқа енгізу"; 9) тармақша "саласындағы" деген сөзден кейін "және тұрғын үй-коммуналдық саладағы" деген сөздермен толықтырылсын; 18) тармақша "саласындағы" деген сөзден кейін ", сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық саладағы" деген сөздермен толықтырылсын; 20) тармақша "бақылауын" деген сөзден кейін "(инспекциялауды)" деген сөзбен толықтырылсын; 2) тармақшада: "саласындағы" деген сөз "аясындағы" деген сөзбен ауыстырылсын; "нормативтік" деген сөздің алдынан ", сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық саладағы" деген сөздермен толықтырылсын; 4) тармақша "саласындағы" деген сөзден кейін ", сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық саладағы" деген сөздермен толықтырылсын; 10) тармақша "қызметі" деген сөзден кейін ", сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық саласын" деген сөздермен толықтырылсын; 12) тармақшада "және құрылыс саласында" деген сөздер ", құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық салаларында" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын: "19-1. Комитетте мыналар: 1) сәулет, қала құрылысы, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері жөніндегі ғылыми-техникалық кеңес; 2) сәулет-қала құрылысы кеңесі; 3) техникалық проблемаларды шешуге және сейсмикалық төзімді құрылысқа байланысты мәселелерді қарау үшін сарапшылық комиссия құрылады"; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің құрылымында: "Сәулет, жобаларды техникалық сараптау және тұрғын үй саясаты басқармасы" деген жолдағы "тұрғын үй саясаты" деген сөздер "құқықтық жұмыстар" деген сөздермен ауыстырылсын; "Құрылыстағы экономикалық талдау және баға құрау басқармасы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Тұрғын үй саясаты және тұрғын үй-коммуналдық сала басқармасы". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |